• Білім және ғылым
  • 04 Қыркүйек, 2019

Тұманды болжап айтуға бола ма?

Ауада тұманның құралуы көбінесе оның салқындау процесіне байланысты. Ауаның салқындауына қарай көп мөлшерде су буы жиналады да, ол газ тектес қалпынан сұйық тамшы қалпына ­немесе тікелей қатты-кристалды қалпына ауысады. Жер бетіне жақын ауада су буы конденсациялауының немесе сублимациялануының нәтижесі, яғни ылғалдың аса ұсақ тамшылары яки мұз кристалдары көбейіп кеткен жағдайда ауаның тұнықтығы 1 шақырымға немесе одан да беріге түседі. Міне, осындай жағдайда тұман деп аталатын метеорологиялық құбылыс болады. Тұман тек ауа салқындағанда ғана емес, беткі қабатындағы температурасы ауа температурасынан 10 градус немесе одан да көп жылы су айдынынан қаптап бу көтерілгенде де пайда болады. Бұларды дәл осылай салқын ауа тұманы, бу тұманы деп атайды.

559 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы