• Ақпарат
  • 18 Қыркүйек, 2019

«Сырлы әлем» жаңғырығы

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық Қызылтөбе ауылдық округінің мәдениет үйінде «Сырлы әлем» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында байқау өтті.

Байқау Қазақстан Республикасының ­т­ұң­ғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау, Жастар жылын атап өту, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың өнерін насихаттау, қолдау білдіруді мақсат еткен. Байқауға барлығы 35 өнерпаз қатысты. Оның ішінде алты өнерпаз – ән жанры бойынша,­ алтауы­ – көркем сөз оқудан, 23-і қолөнер бойынша сайысқа түсті. Барлық өнерпаздар Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, ­аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Б.Біләловтың Алғыс хатымен марапатталып, арнайы сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар «Asia Damu Invest Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен «Ақтау» ойын-сауық орталығына жолдама берілді. Балалар мен жастарға қуаныш сыйлап, қолдау көрсеткен Мұнайлы ауданы­ әкімдігі мен «Asia Damu Invest Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Айнұр Қасымоваға алғыс білдіреміз. Айта кетейік, Мұнайлы ауданында 3900 мүгедек бар, оның ішінде 18 жасқа дейінгі ­балалар мен жастардың жалпы саны – 1143 адам. Көпшілік мүмкіндігі шектеулі жандардың өздерін көрсетуге, қоғамның толық мүшесі екенін сезінуге мүмкіндік беретін осындай­ ­шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деп тарқасты. Жүздерінде бал-бұл жайнаған қуаныштың белгісі бар байқау қатысушылары шара соңында естелік суретке түсіп, өзара қуанышын бөлісті.

Күмісай ЕРКІНБАЕВА

1469 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы