• Қоғам
  • 26 Қыркүйек, 2019

9 241 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте­ Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қарашаш Нұрмамедова айтты.

«Облыс бойынша заңсыз төленген төлемдерді қайтару бойынша бірінші тоқсанда 64 адамға төлем тоқтатылды, олар бюджетке 21,8 млн теңге қайтару керек, ал 4 адамға төлемнің заңдылығы дәлелденіп, төлем жалғастырылды. Екінші тоқсанда 487 адамға заңсыз төленген 48,1 млн теңге бюджетке қайтарылуға жатады» деді Қарашаш Ишбергенқызы. Сонымен қатар 163 отбасы табысын жасырған деп танылып, төлем тоқтатылды, олар бюджетке 32, 4 млн қайтаруы тиіс. Жалпы 1425 отбасыға көмек төлеу жалғастырылды. Қазіргі есептеулер бойынша 714 отбасынан бюджетке 102,3 млн теңге қайтарылуы қажет, оның ішінен бүгінгі күні 78 ­отбасы 9,2 млн теңгені қайтарды. Атаулы әлеумет­тік көмек төлеуге 4 427, 2 млн теңге (РБ, Ұлттық қор – 3 875,2 млн, ЖБ-551,9 млн теңге) бөлінді. Жыл соңына дейін көмек алушылар санының 55 мың адамға (қазір – 51 138 адам) дейін өсетінін ескере отырып, қосымша 3 127,8 млн теңге қаржы қажет етіледі. Айта кетейік, 1 928 отбасыға (10 502 адам) атаулы әлеуметтік көмекті төлеу аяқталды. Қазіргі кездегі алушылар саны 7 308 отбасын (40 820 адам.) құрап отыр.

Смайыл БАЗАРБАЙ Маңғыстау облысы

699 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы