• Білім және ғылым
  • 26 Қыркүйек, 2019

Аграрлық білімнің жаңа белесі

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ҚР Парламент Сенаты  Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану­ және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы өтті. Жиын аграрлық ғылым мен білімді дамыту, ауыл шаруашылығы саласына білікті маман даярлау, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру мәселелерін қозғады.

Отырысқа комитет төрағасы Ә.Бектаев бастаған сенаторлар, ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А.Сапаров, ҚазҰАУ ректоры, академик Т.Есполов, Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының атқарушы директоры Е.Исламов және т.б. ғалымдар қатысты. Қонақтар ҚазҰАУ-дың оқу базасындағы Агротехнологиялық хаб құрамына кіретін агроин­женерлік, су, егін шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешенге сандық технологияларды енгізумен айналы­сатын орталықтарымен, агробиология факуль­тетіне қарасты инновациялық жылыжай, коллекциялық бақ, ғылыми-зерттеу зертханала­рымен, «Н.Назарбаев білім және ғылым орталы­ғының» жұмысымен танысты. Университет­ ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарының өндіріске енгізілгеннен кейінгі нәтижелерімен бөлісті. Инновациялық жылыжайда Қазақстан нары­ғында сұранысқа ие көкөніс өнімдерін өсіріп жүрген студенттер стартап-жобаларын таныстырды. Қазақ ұлттық аграрлық университеті бүгінгі күні тиімді менеджмент қолдану арқылы әлемдік деңгейге көтерілуге ниетті. Жүйелі трансформация­лану нәтижесінде университет «QS» рейтингінде 651-орынға, 9 халықаралық рейтингте алдыңғы қатарға көтерілді. 2023 жылы «QS-300» рейтингіне еніп, әлемдік деңгейдегі университет дәрежесіне ие болуды көздеген оқу орнында жаңа бағыттағы ауқымды іс-шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Осы орайда, сенаторлар Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстар мен университет жетістіктеріне қолдау білдірді. Сондай-ақ осы күні ҚазҰАУ-да жетекші аграр­лық ЖОО ректорларының Халықаралық форумы өтті. «Тұрақты даму мақсаттары – 2030», БҰҰ бағдарламасын іске асырудағы аграрлық жоғары оқу орындарының үлесі» атты ауқымды жиынға ТМД мемлекеттерінің 18 аграрлық ЖОО ректорлары, АҚШ, Еуропа, Азия елдерінің ғалымдары қатысты. Жиын соңында форумға қатысушылар ауыл шаруашылығы саласына білікті маман даярлау және IT-технологияларды енгізу, агроөнеркәсіптік кешенін бірлесіп дамыту бойынша ресми органдар мен бизнес-ортаға ортақ ұсыныс әзірледі.

Бағлан МАХАМЕДОВА, Агробиология факультетінің деканы, профессор

1561 рет

көрсетілді

20

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы