• Мәдениет
  • 03 Қазан, 2019

ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Алматы қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісім кеңестерінің қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы рөлі» атты республикалық форум болып өтті. Форум Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың алғы сөзімен ашылды.  

Форум тақырыбына тұздық болған күн тәртібі Президент­ Жолдауында көрсетілген мәселелер мен тапсырылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатынан туындайды. Президент­ Қасым-Жомарт Тоқаев елдің тұрақтылығы мен дамуы үшін қоғамдық диалог алаңдарының жұмысын жандандырып, өзектілігі мен белсенділігін арттыруды тапсырған болатын.­ Алматы қаласының әкімі, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Бақытжан Сағынтаев осы мақсатта оңтүстік астана бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды ­таныстырып өтті. Сонымен бірге Қоғамдық келісім кеңестерінің аймақта атқарып отырған жұмысына оң баға берді. Сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Қоғамдық келісім кеңестерінің ауқымын кеңейту арқылы, оған халықтың басым бөлігінің қатыстырылуын қамтамасыз ету керектігін, сондай-ақ бұл халық ішінен мұқтаж жандарды тауып, олармен тікелей жұмыс жасауға мүмкіндік беретінін атап көрсетті. Форум барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрі ­Данияр Нұрашұлы «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру туралы» атты тақырыпта баян­дама жасады. Сонымен бірге Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Ахметжан Шардинов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Огни Алатау» газетінің бас ­редакторы Ассалим Идигов, «Nur Otan» партиясының мүшесі ­Борис Джапаров, «Ахиска» түрік этномәдени орталығы Алматы филиалының төрағасының орынбасары Қазақбай Касимов және т.б. сөз сөйледі. Форумда «Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысында медиативті технологияларды пайдалану» тренингі ұйымдастырылды. Сондай-ақ қатысушыларға «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы» көрмесі таныстырылды. Мұнда қатысушылардың ­назарына елдің әр аймағындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарып отырған жұмыстары туралы ақпарат ұсынылды. Және Ассамблеяның бір шаңырағына біріктірілген барлық этнос өкілдері өздерінің салт-дәстүрі мен мәдениетінен мағлұмат беретін тарихи жәдігерлер мен қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Нұрлайым БАТЫР

876 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы