- Қоғам
- 10 Қазан, 2019
Пән апталығы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биылғы жылдың «Жастар жылы» болып жариялануына орай, сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жастар жылының игілігін ең алдымен жастардың өзі көруі керек» деген нақты тапсырмасы аясында мектеп ұстаздары да елеулі еңбек етіп келеді.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қаржан елді мекенінде Рахматулла Сәрсенов басқарып отырған «Қаржан» жалпы білім беретін мектебі бүгінде ауданда оқ бойы озып тұр. Аталған оқу ордасында білім берумен қатар, оқушыларды тәрбиелік шаралар мен өнерге баулып отыр. Сондай шаралардың бірі – жуырда қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өткен «Тіл – ұлттың жарық жұлдызы» атты пән апталығы. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, апталыққа мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары белсене атсалысып, өз үлестерін қосты. Біз бұл шара арқылы жастардың шығармашылық тұрғыда дамуын қолдай отырып, Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды қазақ әдебиетінің бәйтерегіне айналған алыптардың мол мұрасын бүгінгі өскелең ұрпақтың жадында жаңғыртып, санасына сіңіруді мақсат еттік. Апталық аясында «Үш бәйтерек – үш ғұмыр» атты ашық тәрбие сағатын өткіздім. Оқушыларды өз төл тарихын білетін, құрметтейтін және мақтан ететін нағыз ұлтжанды тұлға ретінде қалыптастырып, Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге баса мән бердік.
Жанагүл ШЕГЕБАЕВА, «Қаржан» жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

339 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *