• Қоғам
  • 10 Қазан, 2019

ЫНТЫМАҚ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Алматы облысы орналасқан аумақты халқымыз ежелден «Жер жәннаты – Жетісу» деп атап келсе, бүгінгі күні оның әсем табиғаты мен тамылжыған ауа райына сүйсінген жұртшылық «Өзендер өрнектеген өлке» деп, Бексұлтан Нұржекеев айтпақшы, туған жердің қасиеті мен абыройын асқақтатып келеді. Иә, сулы жер – нұрлы жер. Жанға жайлы, шаруаға аса қолайлы, түгін тартсаң түбіті, шымын тартсаң шырыны шығатын құйқалы жерге әркім де құмар. Сонымен бірге, аймақтың қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны да ішкі миграцияның өркендеуіне әсер етеді. Соңғы жылдары осынау өлкеге туған еліміздің әр түкпірінен қоныс аударушылар саны молая түсуде. Аймақтағы халықтың демографиялық өсуі де облыс тұрғындары санының көбеюіне ерекше ықпал етуде.

Өткен жылы Алматы облысындағы халықтың саны 2 миллионға жетті. Бұл жағымды көрсеткіш жетісулықтардың қуанышын еселеп,­ үлкен тарихи және ­рухани оқиға ретінде қабылданды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Райымбек және Кеген аудандары қайта құрылып, 700-ге жуық адам өз туған жеріне қайта оралды. Елорданың 20 жылдығына байланысты Астананың төрінде Тұңғыш Президент Жетісудың тұмарындай болған «Жетісу» саябағы жаңартылғанын айта келіп: «Халық – біздің басты байлығымыз. Осы орайда облыс тұрғындарының саны 2 миллионнан асып, Алматы облысы республикадағы ең ірі аймаққа айналды» деген еді. Иә, аймақтағы халық санының өсуі тұрғындардың этностық құрамына да әсер етуде. Қазіргі кезде өңірде 105 этностың өкілі тату-тәтті өмір сүріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосуда. Олар 71 этномәдени бірлестікке топтастырылып отыр. Сонымен бірге, аймақтық деңгейде алып қарасақ, 26 облыстық, 39 аудандық, 6 қалалық құрылымы ынтымақ пен бірлікті нығайту, ұлттық мемлекеттілікті нығайту идеясын берік ұстана отырып, жалпыұлттық құндылықтарды насихаттауды мұрат тұтуда. Тарихы – ортақ, тағдыры – бір халықтардың береке-бірлігі арқасында облыстың экономикалық-әлеуметтік бағыттардағы көрсеткіштері заман талабына сай жақсарып келеді. Татулық, бірлік пен келісімнің орталығына айналған Талдықорған қаласындағы Достық үйінде Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Орталық аппараттан және республиканың әр аумағынан келген делегаттар облыстық Ассамблеяның сессиясына қатысып, жаңа драма театр ғимаратының ашылу салтанатын тамашалады. Алматы­ облысы Аналар кеңесі қызметінің оң тәжірибесі республика бойынша таратуға ұсынылды. Сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдық-саяси тұрақтылықты және Қазақстан халқының бірегейлігін сақтауға бағытталған 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Ал Қазақстан Республикасының Елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдығы аясында этномәдени бірлестіктердің ұйытқы болуымен 70-тен астам мәдени-көпшілік шара өткізілді.Бүгінгі күні құрамында қоғамдық пікір көшбасшылары, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдар, Аналар кеңесінің, кәсіподақ және жастар бірлестіктерінің өкілдері, ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары жұмыс істейтін, 1 облыстық, 20 аудандық және қалалық, 592 ауылдық және 15 ірі кәсіпорында, жалпы 628 Қоғамдық келісім кеңестері белсенді жұмыс атқаруда. Өткен жылы барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестері мүшелерінің барынша ықпалды жұмыстарының нәтижесінде жергілікті жерлерде туындаған 235 өзекті мәселе оң шешімін тапты. Сондай-ақ Қоғамдық келісім кеңестерінің «Ауылым – алтын қазынам» форумын қорытындылау барысында Бас жүлдені Еңбекшіқазақ ауданы, І орынды Талдықорған қаласы, ІІ орынды Алакөл ауданы,­ ІІІ орынды Кеген ауданының Қоғамдық келісім кеңестері иеленді. Ал ­Петропавл қаласында өткен Республикалық қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысында Алматы облысының Қоғамдық келісім кеңестері жұмысына оң баға беріліп, жинақталған тәжірибе жөніндегі ақпараттар республиканың барлық аймақтарына таратылды. Өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының басшылығымен 671 қайырымдылық акциясы өткізіліп, азаматтарға 252 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қайырымдылық аясында өткізілген шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болған және материалдық жағынан қолдау көрсеткен азаматтарға «Жомарт жан» төсбелгісі, «Жомарт­ жүрек» сыйлықтары тапсырылды. Олардың қатарында Асан Сонаев, Славяна Шайкина,­ Хасан Абуев, Темірлан Шайнүсіпов, Серікжан Жексембиев, Азамат Молдақасымов, Сергей­ Рузанов, Закиржан Кузиев және Айна ­Сексенбаева сынды атымтай жомарт азаматтарды құрметпен атауға болады. Өткен мерзім ішінде Қазақстан ­Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үкіметтік емес бірлестіктер арасында ұйымдастырған байқауында Қоғамдық келісім мен этносаралық келісімді нығайту номинациясы бойынша Алматы облыстық орыс мәдени орталығы республикадағы ең үздік бірлестік болып танылды. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығы, «Атамекен» облыстық Кәсіпкерлер палатасы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, кәсіпкерлікті жаңадан бастап жүрген жас кәсіпкерлер мен жас ғалымдар арасында «Өзіңді көрсет» жастар стартаптары байқауында «Жаңғыру жолы» аймақтық штабы екі жобаны іске асырды. Ардагерлерге көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша «Асар» қайырымдылық акциясы және аз қамтылған отбасы оқушыларына мектепке қаражат жағынан көмек беру аясында «Барлығы сіздер үшін, оқушылар» акциялары ұйымдастырылды. «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының екі кезеңін қатысушылар түрлі этнос өкілдері жастарының мемлекеттік тілді үйренуіне, оның қолданылу аясын кеңейтуге байланысты мәселелерді талқылады. Жалпы саны 500-ге жуық студенттерді, жастарды, жоғары сынып оқушыларын қатыстыра отырып, кітапша, флаер, қазақ-орыс тіліндегі сөздіктер, күнтізбелер және басқа да ақпараттық құралдар таратылды. Қора шатқалындағы «Таубұлақ» эколингвистикалық кемпингі негізінде «Астана – мақтанышым» атты жастар форумы ұйымдастырылды. ҚР Қайырымдылық туралы Заңына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы облыста өткізілетін барлық қайырымдылық іс-шара­лардың үйлестірушісі болды. Қайы­рымдылық пен меценаттар базасы құрылып, оған 322 адам енгізілді. Ағымдағы жылы құрылған «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының аймақтық штабы белсенді жұмыс істеуде. «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру мақсатында облыстық білім басқармасымен екі жақты меморандумға қол қойылып, Талдықорған қаласының оқушылар сарайы базасында орталық құрылды. Жалпы­ «Мың бала» жобасы аясына 18 680 адам қамтылды, мемлекеттік тілді меңгергендер саны – 5920. Астанада өткен салтанатты марапаттауға облыстағы «Мың бала» жүлде­герлері, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенті Александр Сон, Панфилов ауданының Біләл Назым атындағы орта мектебінің оқушысы Айнұр Құрбанова қатысып, жеңімпаз атанды. «Әдеби тіл және оның нормалары» курсының авторы Панфилов ауданындағы Садыр орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Райисам Халилованың еңбегі жоғары бағаланды. Қоғам өміріне белсене араласқан адамдар­дың еңбегі әрқашан елеусіз қалған емес. Мәселен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық кеңесінің құрамы 29 адам болса,­ оның мүшелігіне облыстық қоғамдық кеңестің ұсынысы бойынша Талдықорған қаласы ­Салтанат сарайының директоры ­Наталья Хоменко, Ұйғыр аудандық этномәдени бірлестігінің белсендісі, Ават ауылындағы орта мектептің директоры Ришат Розахунов, «Ескелді аудандық жергілікті қоғамдастықты оқыту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Галина Кимнің кандидатуралары енгізілді. Қазіргі кезде республикаға, облысқа танымал 32 қоғамдық пікір көшбасшылары, әр этнос өкілдері облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына мүше. Облыстық ҚХА қызметінің тағы бір бағыты – медиацияны дамыту. Демек, бұл іс еліміздің құқықтық мемлекет ретіндегі талаптарына байланысты ерекше басымдық. Медиация арқылы біз халықтар арасындағы татулық пен өзара сыйластықты қалыптастыруға негіз қалаймыз. Бұл адамдар арасындағы болып жататын реніш пен кейістіктерді ­шешуге толық жағдай жасайды. ­Мұндағы басты бағыт – адамның қоғамдағы абыройы мен беделін сақтау. Осы мақсатта «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» базасында медиация орталығы жұмыс істейді. Облыста, жалпы 68 медиация кабинеті, оның ішінде 20 аудан, қала әкімдіктерінде және 48 сот ғимаратында ашылған. Алматы облысы ҚХА Қоғамдық медиаторларының жалпы саны – 272. Жыл ішінде медиаторлардың жұмысын жетілдіруге арналған 40-тан астам семинар, тренинг өткізілді. Қоғамдық медиаторлар және ҚХА құрылымдары 394 даулы мәселенің оңды реттелуіне мұрындық болды. Облыстық Қазақстан халқы Ассам­блеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжы­рымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Бүгінде қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында «Туған жер» жобасын жүзеге асыруға белсене қатысатын 17 кәсіпкер бар. Облыстық Ассамблеяның әртүрлі этностарды тарихи Отанымен байланысын нығайту мақсатында өңірде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жыл бойы облыстық, аудандық және қалалық БАҚ-тарда қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тақырыбы бойынша 300-ге жуық материал жарияланды, 6 мыңнан астам материал әлеуметтік желілерде орналастырылды. Сондай-ақ республикалық, облыстық этно-журналистика байқауына қатысқан журналистерді марапаттау жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Биылғы «Жастар жылында» Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының алдында іс жүзіне асырылатын келелі міндеттер тұр. Олардың қатарында «Рухани­ жаңғыру» бағдарламасы, «Кедергісіз болашақ», «Қазақтану», «Ауыл – ел бесігі» сияқты ­басты басымдықтар белгіленген. Рухани және этникалық бояуы қанық құндылықтарға арналған мәдени-көпшілік шараларды өткізуде көп тәжірибе жинақтаған хатшылық мамандары межелі істі нәтижелі аяқтауға мүмкіндіктері толық жеткілікті.

Ғ.Жазылбеков Алматы облысы

902 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы