• Қоғам
  • 10 Қазан, 2019

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖАЙЫ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылдан бас­тап көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны көбейтіп, табысы аз отба­сыға берілетін атаулы әлеуметтік көмек беру тәсілін өзгертуді ұсынды.

Бұдан былай көп балалы отбасы атаулы әлеуметтік көмекті отбасылық кіріске қарамастан ала алады. Осыған қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Нұр-Сұлтан қаласында өткен Үкімет отырысында мәлім­деді. Ұсыныс заң жобасы түрінде әзірленген. Жоба бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалары 18 жасқа толмаған көп­­балалы отбасыларға табысына қарамастан 42 мыңнан 72 мың теңгеге дейін жәрдемақы беріледі. Әр балаға шамамен 10-11 мың теңгеден есептеледі. «Жәр­демақының нақты көлемі өңірлердің ерек­шеліктеріне қарай өзгереді. Егер көпбалалы отбасылар табысы аз отбасылар қатарына енсе, оларға жәрдемақыдан өзге атаулы әлеуметтік көмек те (АӘК) беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек күнкөріс минимумының 70 пайызы деңгейінде сақталады» деді министр. Сонымен қатар жаңа жылдан бастап табысы аз отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына арналған әлеуметтік пакет жасалмақ. Әлеуметтік пакетте балалар тағамы, гигиеналық заттар, балалардың ой-қимыл жүйесін дамытқыш құралдар бар. Ал 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар­ға мектеп формасы, жолақысы төленіп, мектепте тегін тамақ беріледі. Табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекет кепіл берген тегін меди­ци­налық көмек көрсетіледі.

Күлжаһан ЖАРҚЫМБЕК

506 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы