• Білім және ғылым
  • 31 Қазан, 2019

Өнерпаздар ұстаханасы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өнер, мәдениет және спорт институтының құрылғанына биыл елу жыл толып отыр.

Бұдан жарты ғасыр бұрын институт өркен жайып, даму жолында келе жатса, ал бүгінгі таңда еліміздегі алдыңғы қатарлы өнер оқытушыларын даярлайтын бірден-бір жетекші институтқа айналғаны сөзсіз. Жуырда мерейтойын салтанатты жағдайда атап өткен институт ұжымы тағы бір ерекше серпіліске нық қадам басты. Университет басшысы Такир Балықбаев жылы лебізге толы құттықтауын білдіріп, жарқын жетістіктерді атап өтті. Т.Қожағұловтың институтты өркендетуге қосқан сүбелі үлесіне алғыс айтты. Сонымен­ қатар елімізге белгілі тұлғалар, яғни осы институттың түлектері Ғ.Есім, Е.Төлепбай, Т.Мұқашев, Б.Уморбеков, дәстүрлі әнші Р.Стамғазиевтер «Құрметті профессор» медалімен ­марапатталды. Кештің арнайы қонағы Омск мемлекеттік педагогикалық университеті өнер институтының директоры Леонид Медведев жиналған қауымды шын жүректен құттықтады. Осы орайда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов, Қазақ Бас сәулет құрылыс академиясының президенті Ә.Құсайынов, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры А.Абдуалиев мерекелік тілектерін жеткізіп, естелік сыйлық тарту­ етті. Салтанатты жиын одан әрі жоғарыда аталған университеттің өнер, мәдениет және спорт институты студенттерінің дайындаған концерттік бағдарламаларына ұласып, соңы қолөнер шеберлерінің дайындаған көрмесімен жалғасты.

Айбол Абашов

980 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы