• Білім және ғылым
  • 06 Қараша, 2019

«Ділмар» шешендік байқауы

Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатында II республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өз мәресіне жетті.

Еліміздің үш қаласы, он облысынан жалпы 38 оқушы қатысып, бақ сынаған байқау шымылдығы Құрманғазының күмбірлеген күйімен ашылды. Құттықтау сөз сөйлеген мектеп-интернат директоры Роза Сексенова байқаудың мән-маңызы, мақсаты мен ерекшелігін атап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқаудың мақсаты – жас ұрпақты шешендік өнерге баулып, сөз мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. Осы талаптарды анықтау 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде би-шешендер мен ақын-жыраулардың шешендік пайым-толғауларын жалғастыру қажет болса, екінші бөлімде тұрақты тіркес, одағай, мақал-мәтел, т.б. берілген сөздер арқылы сауатты сөйлем құру талабы белгіленді. Ал нағыз көсіле сөйлеп шешендік танытатын үшінші кезең қатысушылардың сөздік қорын анықтауға мүмкіндік берді. Сайыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдеге қостанайлық Аякөз Досымханова ие болды. Абай атындағы РММИ оқушысы Дәулетбек Думан – ­1 орынға, Қызылордадан келген өрен Ардақ Балтабаева­ мен ақтөбелік Кәдірбай Марғұлан – 2 орынға табан тіресе, жүлделі 3 орындар – Бектұр Мерей (Алматы облысы), Роза Ашилбекова (Алматы) мен Гүлсән Жәдігероваға (Шымкент) табыс етілді. Дана Тасмұратова, Ұлдана Ізбазар, Өркенбай Өсербай, Дана Қайрақбаева, Ақгүлім Ерболова ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Айта кетейік, «Ділмар» шешендік өнер байқауының жоба жетекшісі мен тұрақты демеушісі – «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры».

Аружан Танабекова

1706 рет

көрсетілді

118

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы