• Білім және ғылым
  • 06 Қараша, 2019

Сапа мен нәтиже

Бүгінгі таңда білім саласы бәсекеге қабілеттіліктің өлшеміне айналып отыр. Әлемдегі көшбасшы елдер ең алдымен білім мен ғылымды дамытуға күш салып, зор жетістіктерге жетуде. Осы орайда әр елдің өркендеуіне негіз болатын бірден-бір күш – ол университеттер деп айтар едік. Өйткені онда сапалы мамандар даярланады. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған білікті мамандар да елінің келешегіне өз үлестерін қосуда. Бұл үрдіс бүгінгі күнде де жалғасын тауып келе жатыр. ҚазҰУ дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, заманға сай жаңғыруда. Студенттердің алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. QA University Rankings агенттігінің Батыс Еуропа мен Орталық Азия университеттерінің зерттеу нәтижелері ­бойынша, ҚазҰУ 200 университеттің ішінен 11-орынды­ иеленсе, QS World University халықаралық зерттеу агенттігінің хабарлауынша, біздің университет биыл әлемнің 800 беделді жоғары оқу орындарының ішінде 220-орында тұр. Мұның өзі ауыз толтырып айтарлық көрсеткіш. «Керемет» студенттер орталығы да жүзеге асқан бірегей жоба. Айта берсек, жарқын жетістіктері аз емес. Ең бастысы – сапалы білім ордасы екенін мақтанышпен тілге тиек етеміз.

Жанар ЧУНЕТОВА, биология ғылымының кандидаты, Ажар НҰРЫМОВА

990 рет

көрсетілді

8

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы