• Тіл
  • 06 Қараша, 2019

Жаңғырудың бастауы – латын әліпбиінде

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген көкейкесті мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу. Бұл  – жарқын өмірге бастар жаңа баспалдақ, өскелең ұрпақтың ой-өрісі мен дүниетанымының тереңдей түсуіне септігін тигізер игі қадам. Елбасының бастамасымен қолға алынған латын әліпбиіне көшу – тіліміздің даму тұрғысынан да, төл әліпбиімізді құру жағынан  да алға жетелейтін бастама. Елімізде 2025 жылға дейін латын графикасын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалып, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны баршамызға аян. Бұл жөнінде Елбасы да өз сөздерінде нақты айтып еді. Сол себепті аталмыш игі қадамды замана көшіне ілесуге септік болар үлкен серпіліс деп айтсақ та қателеспеспіз. «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жүргізе береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» деген еді Елбасы. 

Латын графикасына көшу – тіліміздегі жат ­дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы оның табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туғызады. Былайша айтқанда, латын қарпіне көшу қазақ тілін дамытуға жаңа серпін бермек. Біз, әдетте, осы графикаға көшу мәселесі көтерілгеннен бері туыстас түркі халықтарының тәжірибесі туралы көп айтамыз, сонау 1929-1940 жылдары латынды қолданғанымызды тілге тиек етеміз. Қазақ тілінің жетілуі заман талабына сай өзгеріп отырғаны бізге мәлім. Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. ХIХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зиялылар, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін толық бере алатын жаңа әліпби қабылдауды не осы жазуды жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады. Қазақ жазуы – қазақ тілінің әріп таңбалaрынан тұратын жазу жүйесі. Көне заманнан бері қазaқтар әртүрлі жазу жүйесін пайдаланып келген. Олаpдың алғашқысы қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына oртақ болған руна жaзуы. Осы жaзу үлгіcінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты көне түркі мұралaры сақталғaн. V-ХІІ ғасырлаpды қaмтитын рунa жазуы Орхон, Енисей, Тaлас өзендері бойынан тaбылып отыр. Мұның өзі біздің aтa-бабaлaрымыздың өмір сүpген гeографиялық оpындаpын көрсетеді. VІІІ-ІХ ғаcырларда қазақ далаcынa мұсылман дінінің жетуі – aрaб жaзуын ала кeлді. Араб графикасынa негізделген жазу үлгіcі 1929 жылға дейін cақтaлып келді. Яғни оcы тұcқа дейін жазылған еңбектеp араб жазуы негізінде хатқа түсті. Оны Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім cияқты ұлы тұлғалар қолданды. ХХ ғасырдың бaсындa А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тілінің заңдылықтарына оpай бейімдeп, қазақ әліпбиін жасaды. Осы әліпби негі­зінде кітаптар жарық көрді, шәкірттеp білім алды. Мағжaн, Абай, Мұхтар секілді алыптардың еңбек­тері осы әліпби негізінде жaзылды. 1929-1940 жылдар аралы­ғында халқымыз латын графикасы негізін­дегі әліпбиді пайдаланды. 1940 жылдан бастап қазіpгі қол­даныстағы кириллицаға негізделгeн әліпби қолданылуда. Жалпы латын әліпбиіне көшу – заманамыздың заңдылығы. Өркениет көшіне ілесу, алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарынан табылу, экономикамыздың өркендеуі, ғылым-білім саласының прогрессивті ­дамуы, өскелең ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін бүгінгі таңда латын графикасын енгізу қоғамымыз үшін өмірлік маңызды істердің қатарында. Елбасы атап өткендей, қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселесінің мәні тереңде жатыр. Халқымыздың басым көпшілігі қос тілді қолданады, ал соңғы кездегі ағылшын тіліне деген сұраныстың артқанын ескерер болсақ, латын әліпбиіне көшу қоғамда айтарлықтай проблема туындатпауы тиіс. Латын қарпіне көшу арқылы көш ілгері жүретіні анық. Мәселен: тілдің табиғи тазалығы сақталып, қазақ тілін оқыту барысында артық таңба мен ­емлеге қатысты ережелер қысқарып, қазақ қауымы дүниежүзілік ғаламтор желісіне еркін ене алады. Ең бастысы, латын қарпіне көшу арқылы қазақ тілінің мәртебесі артып, халықаралық деңгейге шығуына мүмкіндік тумақ. Сонымен қатар латын қарпін қолданатын түркі әлемімен рухани, мәдени байланыстың артуына да мүмкіндік зор болады деп күтілуде. Түркі халықтарының мәдениеті мен әдебиеті латынша жазылғандықтан, оларды зерттеу де тиісінше оңайға түседі. Тарихқа көз жүгіртсек, аталған жазу жүйесін алғаш болып 1928 жылы Түркия қабылдаса, 1991 жылдан кейін бұл графикаға Түркіменстан, Әзербайжан және Өзбекстан мемлекеттері де өткен болатын. Сондықтан бұл түр­кітілдес елдерді жақындастыратын маңызды шешім. Болашаққа осындай жарқын жол ашатын ­латын қарпіне көшуде көптеген талқылаулар ­болып жатқанын біз де теледидардан көріп, басылым беттерінен оқып, хабардар болып жатырмыз. Латын қарпінің халыққа ұсынылған алғашқы нұсқасы онша көңілімізден шыға қоймады. Неге десеңіз, әріптерге қосақталған қосымша таңбалары көп еді. Ертең осы бетінде қабылданып кетсе оқып, жазуымызға қиынырақ болады-ау деген қауіптің болғаны белгілі. Келешегімізді байланыстырып отырған әліпбиіміздің «айналасы жұп-жұмыр, кедір-бұдырсыз, теп-тегіс» болғанын қалаймыз. 2017 жылы 20 ақпанда Елбасы­ Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген қазақ қарпін латынға көшіру турасындағы соңғы үлгісі көңілімізден шықты. Бұл тіл білімі саласында жүрген ғалымдарымыз бен мамандарымыздың көпшіліктің пікірімен санаса отырып, кемшіліктерді ескеріп, елеп жасаған жаңа үлгісі біздің де болашақ ұрпағымыздың да кәдесіне жарайды ғой деп ойлаймыз. Не нәрсені болса да мың рет өлшеп барып бір-ақ рет кескен жөн ғой. «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» деген екен ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы. Қазір қолға алынып жатқан дүниенің бәрі кемел келешек жолында жасалып жатқан ауқымды істердің бірегейі деп білеміз. Бүгінгі күннің басты тренді үздіксіз даму, ноу-хау мен инновация болып табылады. Нарық заманының жастары осындай өзгермелі уақытта өмір сүруге қабілеттіліктерін көрсетіп, елдегі жаңашылдықтарды қолдауда көш басынан көрінуі тиіс. Ауданымызда да латын графикасына өтуге байланысты кешенді шаралар қабылданды. Жыл басынан бері аталмыш әліпбиге қатысты білікті тіл мамандарының дәріс берулерімен семинарлар өз жал­ғасын тауып келеді. Латын негізді қазақ ­жазуын меңгертетін мұндай республикалық шаралар ересектер мен балаларды оқытуға, жаңа әліпби­мен жақынырақ танысуға, емле ережелерін толық меңгеруге үлкен септігін тигізеді. Мұндай әдістемелік жұмыстар латын графикасына өтуді біліктілікпен жүзеге асыруға негіз болары анық. Сондықтан бұл елдік мәселеге дұрыс көзқарас таныта білсек, ұйымдастыру шараларына мән берсек, ұтарымыз көп.

Айнагүл Шакупова Атырау облысы Құрманғазы ауданы

2306 рет

көрсетілді

262

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы