• Білім және ғылым
  • 14 Қараша, 2019

Отбасы құндылығы

«Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласы жоғары оқу орындарында «Отбасы құндылығы» шарасын өткізді. Бұл шараның мақсаты – отбасы институтын нығайту, жастар арасындағы ажырасу, түсік жасату мәселелерінің алдын алу. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан ажырасудан әлемдік ондыққа кіреді екен. Алматы қаласының өзінде 2017 жылы 17170 жұп үйленсе, 6 748 жұп ажырасып кеткен. Ал 2018 жылы 16954 отбасы неке куәлігін алса, сол жылы 6953-і сотқа арыз тастаған. Ажырасулардың себеп-салдарын қоғамдық қор мамандары және психологтар студенттермен бірге талқылап көрді. Мүміндігінше олардың сұрақтарына жауап беруге тырысты. Аталған тақырыптағы жиындар Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы университеті, IT университеті, Т.Жүргенов ҚазҰӨА, ҚазҰҚПУ-де өтті. Акцияға 1000-нан аса студент пен педагог-ұстаздар қатысты. Шара аясында «Жас отбасыға 7 кеңес» кітапшасы таратылды. Бұл кітапшаны «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқар­ма­сының мемлекеттік тапсырысы негізінде жарыққа шығарған еді. Іс-шара барысында студенттермен кері байланыс орнатылды. Олардың жекелеген сұрақтарына жауап берілді. «Жас отбасыға 7 кеңес» кітабын оқып, сол бойынша жекелеген пікіралмасулар да болды. «Отбасы құндылығы» шарасы жастардың жарқын өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға, жақсы отбасын құруға деген арман-мақсатын айқындауға мейлінше үлес қосуымен мағыналы бола түсті.

2041 рет

көрсетілді

56

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы