• Мәдениет
  • 28 Қараша, 2019

Өнер сапары

Алматыда тұңғыш рет Солтүстік Қазақстан облыстық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының гастрольдік сапары басталды. 

Күні кеше Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар және жасөспірімдер ­театрында арнайы баспасөз мәсли­хаты өткізіліп, театр директоры Біржан Жалғабаев, көркемдік жетекшісі Фархад Молдағали, Асылхан Нұржан сапардың мақсаты, репертуардағы жаңалықтар, шы­ғармашылық жоспарлар жайында кеңінен әңгімеледі. Ұжымның жиырма жыл ішінде жеткен же­тістіктері, жүлделі орындарға ие болуы, жас актерлердің шеберліктері жайында мағлұмат берілді. Айта кетейік, ­театр 2000 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың қолдауымен ашылған. Содан бері талай биік белестерді бағындырып, еліміздің өнері мен мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді. Гастрольдік сапардың шымыл­дығы драматург Б.Жақыптың ­Семей полигонына арналған «Жан ­дауысы» қойылымымен ашылып, ертеңінде Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесінің желісі бойынша жазылған дра­ма­лық туынды көрсетілді. Алдағы күндері М.Әуезовтің «Қарагөз», «86» soundrama спектаклі мен О.Бөкейдің «Жылымық» көркем радиохабар жанрындағы спектаклі және М.Әлібектің балаларға арналған «Сиқырлы дүрбі» ертегісі ұсынылмақ.

Дана ЕРКІНБЕК

1390 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы