• Мәдениет
  • 04 Желтоқсан, 2019

Қобызшылар сайысы

Атырау қаласында екі күн бойы Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер, еліміздің батыс өңірінде кәсіби қобызшылар мамандығының  негізін қалаушы Раушан Нұрпейісова атындағы ІІ республикалық қобызшылар байқауы өтті. Екі күнге созылған салтанатты іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас қобызшылар қатысты. 

Раушан Түсіпбекқызы Атырау топырағында ең алғаш прима қобызды игеріп, соңынан тұтас буын тәрбиелеген ұстаз. Танымал күйші, композитор, дирижер Сейілхан Құсайыновпен бірге аймақтағы алғашқы оркестрдің негізін қалап, 1958 жылы Атырау музыка колледжінің ашылуына тікелей себепші болған. Өнерлі жұптың есімі тек ­Атырау өлкесіне ғана емес, күллі қазақ жұртына жақсы ­таныс. Раушан апа конкурсқа арнайы шақырылып, жас қобызшылардың өнеріне куә болды. Жүлдегерлерді марапаттау салтанаты Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда өтті. Бас жүлдені үздік орындаушылық шеберлігі үшін Нұр-Сұлтан қаласынан келген Гүлнұр Саргизова жеңіп алды. Атыраулық Айжарқын Темір мен нұр-сұлтандық Индира Жандашева бірінші орынмен марапатталды. Ал елордалық Наргиз Бақтығалиева мен Гүлім Атошева және алматылық Нұрайсұлу Талғатова екінші орын жеңімпаздары атанды. Үшінші орынға Ақтөбе қаласынан келген Гүлсезім Аманқос, павлодарлық Айым Мейірханова және Нұр-Сұлтан қаласынан қатысқан Әлия Сали ие болды. Дамира Өтесін арнайы жүлденің иегері атанды.

Дина ХАЛЫҚ

642 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы