• Тарих
  • 11 Желтоқсан, 2019

Мұрағат – тарихтың көзі

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы ­«Архив – 2025»­ бағдарламасынан туындаған міндеттер аясында, облыстың 80 жылдығына және архив қызметінің құрылуына 80 жыл толуына орай облыстық мемлекеттік архивте фото-құжаттар көрмесі өтті.

«Архив – тарих қазынасы» деп атал­ған іс-шара архив саласының арда­гері, жазушы­-публицист, мұрағатшы Мақұлбек Рысдәулетті бір минут үнсіз­дікпен еске алудан басталды.­ Көр­менің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова сөз сөйлеп, ­архив қызметкерлерінің атқарып отырған жұмысы жөнінде әңгімеледі. – 80 жыл қоғамдық дамумен өлше­генде аз уақыт емес. Осы кезеңде өңірде қаншама өзгерістер болғаны белгілі. Олай болса, бүгінгі көрменің мәні бөлек. Облыс әкімі Асқар Исабекұлының бастамасымен «Ерлік» мемориалдық кешені, «Даңқ залы» салынып, «Шахристан» кешенінде бірнеше ғимарат қатар бой түзеп келеді. Архив жұмысы – көзге көрінбейтін көп шаруа. Бүгінгі көрме жұмысына сәттілік тілеймін, – деді Сұлушаш Сәтбекқызы. Мұнан соң, облыстық мемлекеттік архиві ғылыми-ақпараттық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Назым ­Қожама­рова­ көрмедегі фотосуреттер тарихымен таныстырды. Бұл суреттерден әр кезеңді байқауға болады. Елбасыға арналған бұрыш Тұңғыш Президенттің облысқа жасаған сапарларынан сыр шертеді. Тағы бір стендте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әулиеата өңіріне сапары көрініс тапқан. Келесі бір бөлімде ­облысты басқарған азаматтардың суреттері орналасқан. Сондай-ақ аймақтың қазіргі жетекшісі Асқар Исабекұлының 80 жылдығы ­ая­сында жүзеге асырған ­бастамалары да көзге жылы ұшырайды. Іс-шараны облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бас­шы­сы­ның орынбасары Сара ­Мадиева, ­Тараз қалалық мәслихатының хатшысы ­Батырбек Құлекеев, медицина ғылы­мының докторы Сағындық Орда­беков,­ облыстық мәслихаттың де­путаты Гүлдара Нұрымова, белгілі кә­сіпкер Сәуле Рысбаева, ақын Үміт ­Битенова көп­шілікпен бірге тамашалады.

Есет Досалы Тараз

3597 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы