• Әдебиет
  • 19 Ақпан, 2009

Ыбырайтанушы

Қазақтың көрнекті әдебиеттанушы ғалымы Әнуар Дербісалин бүгінгі орта жас деп межеленген кезеңге, алпыс жасқа да жете алмай, өмірден озып кетті. Саналы ғұмырын түгелге жуық әдебиеттану ғылымына арнаған зерделі ғалымның артында қалған мұрасының өзі қомақты. Тек өзі өмірлік мақсат етіп алған әдебиеттану ғылымының бір саласымен ғана шектеліп қалмай, қаламының оңына келген талай тақырыпты зерттеген ғалым. Тек жай ғана зерттеп қоймай, кейбір жекелеген мәселелерін індете қарап, тұжырымды да тиянақты пікірлер қалдырып кеткен. Қаламының қарымының, ойының арынының арқасында келешек оқырманға да ой сала алатын тұщымды еңбектер тудырған. Соның нақты көрінісінің бірі – қазақтың атақты ғұламасы, ұлы ағартушысы әрі қаламгері Ыбырай Алтынсарин мұрасына қатысты еңбектері. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының өзінде жап-жас Әнекең осы ғұламаның шығармаларын індете зерттеп, Ыбырай Алтынсарин жайлы арнаулы еңбек жазып, өз тұсындағы оқырман қауымның назарын аудара білді. Ғалымның бұл кітабы сол кезең үшін көп жаңалықтар әкелген, ыбырайтану саласын соны деректермен толықтырған еңбек болғанын бүгінгі жиырма бірінші ғасырдың еңселі төрінен тағы да қайталап атап өткен абзал болар. Ә.Дербісалин қазақтың осынау ғұлама ағартушысының артында қалған мұрасы мен шығармашылық өмір жолы туралы көп жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келгені мәлім. Тарихта болған тұлғалар жайлы деректер жинастырып, оларды жалғанның жарығына шығару дегеннің қаншалықты машақатты жұмыс екендігін ғылыммен айналысып жүрген адамдар жақсы біледі. Осы жағынан келгенде Әнекеңнің зерттеушілік еңбегінің өзі бір төбе екендігі Ыбырай Алтынсарин туралы артында қалдырған мұрасынан анық байқалады. «Ыбырай Алтынсарин» деп аталатын алғашқы кітабында қазақ оқырмандары осынау көрнекті тұлғаның жеке жазбаларымен, өзінің пікірлес, бағыттас дос-жарандарымен жазысқан хаттарымен танысқан болатын. Кітап авторы Ыбырайдың өзіне жазылған жауап хаттарды да ретімен келтіріп отырған. Сол кездегі оқырман қауымы осы хаттар арқылы бетке ұстар ағартушы ғалымымздың рухани әлемінен, өмірлік мақсат-мүддесі мен жасап жатқан саналы әрекеттерінен жақсы хабардар болды. Бұл еңбектің өз заманында оқырмандар арасын да белгілі бір қозғалыс туғызып, түрлі пікірлерге түрткі болғаны тегін емес. Ыбырай Алтынсаринның Григорьевке, Ильминскийге, Катаринскийге және басқаларға жазған хаттарынан оның ақылды да парасатты, саналы да білімдар жан екендігін айқын аңғарылады. Кітап авторы бұл кісілердің өзара жазысқан хаттарын назарға ұсына отырып, олардың әрқайсысына тиісінше түсініктемелер де береді. Хаттардың мазмұнына талдаулар жасау арқылы кейбір татымды тұстарына ерекше ден қойып, зерттеушілік екпін түсіретін сәттері де аз емес. Өйткені жалпы мәлімет, қажетті ақпараттар жазылған хаттардың ішінде олардың авторларының ой-дүниесін, қоғам мен ұлтқа деген көзқарасын сездіріп кететін жерлері кейінгі ұрпақтарды бей-жай қалдырмайтыны белгілі. Ағартушылық пен ұлттық мәселелерге келгенде білініп қалып отыратын авторлық ұстаным жалпы хат иелерінің тарихтағы орнын айқындауға да көмектесетінін Ә.Дербісалин зерттеуші ретінде жақсы түсінеген. Ол кісі алдымен хаттардың хронологиялық тәртібіне көңіл бөліп, уақытпен бірге алға қарай жылжытып отырса, екіншіден, әрбір хатты жалаң емес, түсініктемемен ұсынуды жөн көреді. Кейбір хатты толығымен келтірмей, олардың тек үзінділерін ғана ұсынған. Оның себебі, біріншіден, барлық хаттарды келтірген жағдайда кітап көлемі еркісіз ұлғайып кетер еді де, ұлы ағартушының артыында қалған эпистолярлық мұраның дәмді, дәйекті тұстары көрінбей қалар еді. Екіншіден, хаттардың ішінен жекелеген үзінділер алып берудің өзі де жоғары талғамнан туындап жатқанын ескерген абзал. Үшінші бір мәселе – бұл хаттардың түпнұсқа қалпында емес, қазақшаға аударылып берілуі. Бұл арада автордың аудармашылық өнерінің деңгейі де еріксіз көрініп қалады. Баршамызға мәлім, Ыбырай хаттарын орыс тілінде жазған. Он тоғызыншы ғасырдағы орыс тілінің қорына тиесілі сөздерді дәл аудару, айтылып жатқан ойдарды нақты да ұғынықты етіп жеткізе білу тәржімашыдан біраз тер төгуді қажет еткені көрініп тұр. Бір сөзбен айтқанда, автор ұлы ағартушының өзі жазған және оның өзіне жазған хаттарын оқырман қауымға даяр күйінде сол қалпы ұсына салмай, зерттеушілік тұрғыдан жүйелелік, тиянақтылық танытады. Аталған ғылыми жұмыстың оқырманға мол мағлұмат беретін ақпараттық жағымен бірге сәтті талдаулар жасаған сараптамалық тұстарын да өз деңгейінде бағалай білгеніміз абзал. Сөйтіп Ә.Дербісалин Ыбырайдың тек ағартушылық әрекеттерін жалаң тізбелеп қана қоймай, оның шебер ұйымдастырушы әрі білікті ғалым екендігін нақты мысалдарды келтіре отырып және тек құр келтірумен шектеліп қалмай, салиқалы да сарабдал талдауларға бет бұра отырып, орнымен дәлелдеп шығады. Ә.Дербісалинның ұзақ жылдардан кейін жарық көрген «Ыбырай Алтынсарин» атты келесі бір кітабы алдыңғы еңбегін қайталамайды және оны жоққа да шығармайды. Енді автор бұл еңбегінің жанрлық анықтамасын «өмірбаяндық очерк» деп белгілепті. Оның мазмұнынан қарап отырсақ, «Тамаша адамдар өмірі» атты серияның талаптары мен шарттарына толық келіп тұрған еңбек. Сондықтан да оны бір тақырыпқа арналған бөлек-салақ мақалардың жиынтығы немесе очерктер циклі деп айқындасақ, қателескен болар едік. Келтірілген деректерге қарағанда, Ыбырай Алтынсаринның өз халқын қараңғылықтан жарыққа сүйрейтін қуатты тұлға болып қалыптасып шығуына Алла тағалының өзі алдын ала дайындаған сияқты болып көрінеді. Өйткен оның туған атасы Балғожа өз заманын да қазақтың белгілі билерінің бірі болып, атақ-даңқы өзі өмір сүрген атырапқа кеңініне жайылған. Аузымен құс тістеген шешен Балғожаның парасатты да ақылды жан екендігін автор бірнеше жекелеген штрихтармен дәлелдеп өтеді. Бұл кісінің қазақтың көптеген би-шешендерінен бір айырмашылығы хат танитын сауаттылығында, өз жұртының ғана емес, қазақтарды отарлаушы ел Ресейдегі болып жатқан әрқилы жаңалықтардан құлағдар екендігінде. Балғожаның бойындағы тағы бір артықшылық – ол орыстың кейбір белгілі тұлғаларымен таныс-біліс болған, тіпті жақсы қарым-қатынас та жасаған. Мәселен, атақты шығыстанушы Григорьев Балғожа биді жақсы таныған. Кейін оқу бітірген жас Ыбырайдың мемлекеттік қызметке кіріп, өмірден өз орнын табуға да тікелей ықпал жасайтын осы Григорьев екендігін Әнуар Дербісалин талданып отырған еңбегінде айырықша атап көрсетеді. Әнекеңнің өзінің зерттеу нысаны етіп алып отырған кейіпкеріне қатысты көптеген деректер жинастырғанын атап өту керек. Тіпті кейде бір қарағанда маңызы төмен болып көрінетін мәліметтер мен шртихтарды да көңілден қаға беріс қалдырмауға тырысады. Базбір оқырман үшін артық нәрсе сияқты болып көрінгенімен, уақыт өте келе, бұндай жекелеген детальдардың тарих үшін құны арта түсетінін жоққа шығару қиын. Саналы ғұмырын осылайша халқының сауаттылығы мен рухани дам

5457 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы