• Тіл
  • 11 Желтоқсан, 2019

Тоғжан Қожалиева: Мемлекеттік тілдің жанкүйерімін...

Бүгінгі  қоғамдағы әйелдің  рөлі  қандай  болмақ? Бұл  мәселе  тек  қазіргі кезде  ғана  өзекті   емес, өткен  ғасырдың басында  алаш арыстарында  ойлатқаны белгілі.   Мәселен, 1917 жылы Орынборда өткен Алаш Ор­да­ның жиынында әйелдердің қоғам­да­ғы өмірі туралы шешім қабылдап, әйелдер мен ерлердің саяси құқық­тары тең болуы керектігі  жөнінде   мәселені алға   шығарды. Одан  бергі уақытта әйелдің  қоғамдағы  орны назардан тыс қалып  көрген  жоқ. Әсіресе   тәуелсіздік алғаннан  бері  елімізде гендерлік  саясатының  арнасы кеңи  түсті.   Нәзік жандар қоғамның  барлық  саласына еркін  араласа  бастады. Саясатта, бизнесте,  халықаралық  дипломатиясалаларында өзін  өзгеге  үлгі етіп  жүргендер  көп. Соның  бірі –Тоғжан  Қожалиева.  Төмендегі  сұхбатта  еліміздегі  іскер әйелдердің  қоғамдағы  орны, рөлі  жөнінде  болмақ.
    - Әу  бастан-ақ исі  қазақ «әйел  үйдің  берекесі, ырысы»  деп  танығаны  белгілі.  Тіпті ата-бабаларымыз аспанда  Тәңірі,  жерде Ұмай ана  деп те табынған.  Осыған  қарап-ақ алаш  баласы  үшін ананың қоғамда, отбасында  алатын  орны, атқарар  рөлі айрықша  болғанын   байқаймыз.  Бүгінгі  күні әйел адамның  рөлі  өзгерді  ме, әлде...? - Жалпы  қоғамда  болсын,  отбасында  болсын әйел адамның  орны  үлкен  бір өзгеріске  ұшырады  деп айта алмаймын. Рас, тәуелсіздік алғалы   бері  жүргізіліп келе  жатқан гендерлік саясаттың  әсері  ме, әлде  бүгінгі заманның  ырқы  ма, нәзік жандылар тек  үйде  отырып, бала  бағумен,  отбасының  тірлігімен  шектеліп қалмай,өмірдің барлық  саласына  араласып,  белсенділік  танытуда. Олар  саясаттада  жүр, дипломатияда да  жүр, бизнесте де  жүр  дегендей. Атам  қазақтың «Әйел  бір  қолымен бесікті  тербетсе, екінші  қолымен әлемді  тербетеді»  дегені  бекерден  бекер  айтылмаған. Отбасы,  бала  тәрбиесі  өз  алдына,  қазір қарым- қабілеті бар әйелдердің  жолы ашылған  заман. Мемлекет   білімді-білікті  нәзік  жандарға  үлкен  қолдау  көрсетуде.  Бүгінгі әйел балаға тәрибе  беру  үшін де көп  оқуы, көп  ізденуі керек. Бір сөзбен айтқанда, заманның талабына сай болуы  тиіс. Дегенмен кейде байқаймын бәлкім  үйдегі  тәрбиенің кемдігі  ме,  әлде  араласып  жүрген ортаның  әсері ме, көптеген  балаларымыздың  ойлау  деңгейі  төмен.  Тіпті бала  болып  үлкен армандарға  құлаш  ұрғысы  келмейді. Көбі  «ақшам  болса,  қымбат телефоным болса, шетелдік көлігім болса, қатарымның  алды  болсам»  деген  бәкене  арманнан аса алмайды. Бұл ата –анасының балаға  деген  тәрбиесінің  кемдігі. Әсіресе  анасының  баласына  бағыт-бағдар  берудегі немқұрайлығы. Өзіде  заманға  сай  білімді,  көкірек  көзі  ашық, ой-толғамы   терең  ана,  бала  тәрбиесіне үлкен  мән беріп, заманауи технолгияларды  меңгеруге, көп  оқуға, алға  үлкен  мақсаттар  қойып,  соған  жетудің  жолдарын  қарастыруға ықпал етер еді. Өкінішке  орай,   отбасындағы  тәрбиенің  кемдігінен   қазір «тек  шылқып  байысам,  бір  жерде  бастық  болсам»  деген  толқын  өсіп келеді. Демек  қазіргі  күні  аналарымыз  бала  тәрбиесін  сәл босаңсытып алғандай. «Жастар  болашағымыз»  дейтін  болсақ, осындай  алдарына түкке  тұрғысыз  мақсат  қойған   жастардың  кесірінен  еліміздің  дамуыда мешеу  болып  қалмақ.  Мемлекет,  ұлт  мәселесімен кім айналыспақ?  Демек  әйел қауымы   мейлі саясатпен, бизнеспен  т.б  мәселелермен айналыссын,  бірақ  отбасындағы  орынын  ешуақытта  ұмытпаған  жөн. Өйткені  ана –ақылшы,  тәрбиеші,  отбасының  берекесі.   - Еліміздің  қоғамдық қызметтерді қоса атқарып жүргенесім-сойы  белгілі нәзік  жандылар баршлық. Жалпы елімізде  болсын,  сырттан болсын өзіңізгекімді үлгі тұтасыз? - Неге  болмасын,  баршылық. Ол- Индира Ганди,   Бенезар  Бухута, түріктің  бұрынғы  премьер-министрі  болған  Тансу  Чиллер, әрине «темір леди» атанған  Маргарет  Тетчер,  бүгінгі  Тереза  Мэй,  канцлер Ангела МеркельӨзімізге келетін  болсақ, исі  қазақта  ел бастаған,  көш  бастаған, сөз  бастаған,  қаһармандығымен  қол  бастаған  апа-аналарымыз  жеткілікті. Сонау  арғы сақ  заманына  келетін  болсақ   елі-жері  үшін  айқасқа  түскен батырда дана Тұмар  ханшайым,  кешегі түрік  қағанаты кезінде  аты әлемге мәшһүр  болған  қаған,  баһадүрлерге  жар  болған апаларымыз, одан кейінгі кезеңдерде де «хан артына қараған, би бұрылып қараған» не бір алма мойын, аршын төс, жорға мініп шайқалған ару мен «жауына жебе қадаған, қанжармен шашын тараған» ержүрек ханша­йым­дар көп  болды емес  пе!  Ұлы далада  өсіп-өнген,  артына аңыз  қалдырған  апа -аналарымыз  жайлы  тарихқа  қанықпын. Әсіресе, Домалақ Ана кесенесіне жиі  барып  тұрамын. Неге  екен  сол  жерден  өзіме  бір ерекше  күш аламын. - Сіз нәзік болмысыт бола тұра өз мүмкіндігіңізді барлық салада сынап көруге пейілдісіз. Іскерлігіңіз бар, басшылық  қызметтеріңіз бар, қоғамдық жұмыстармен де айналысып келесіз. Осының  бәрі  отбасының тірлігіне  кері  әсер  бермей  ме? - Біз  үшін, ең  бастысы шаңырақтағы  берке-бірлік,  түсіністік. Қыз  болып, бой  түзей  бастаған кезде, «өмірілік  жарым  түсінігі  мол адам болса»  деп  ойлаушы  едім. Солай  болды.  Жарым менің үлкен  қызметте  жүргеніме де, кәсіпкерлікпен айналысқаныма  да, қоғамдық жұмыстарға  ден  қоя  бастағаныма  да  түсіністікпен қарайды. «Қажеті  жоқ,  тыныш жүр»  демей,  керісінше  қолдау көрсетті. Сүрінсем демеу  болды. Тек  ошақ  басында  бала бағып  отырған әйел  демей, іскер жан  деп  қабылдады. Бұдан артық  не керек?   - Әңгіменің  ауанын  сәл  өзгерсек,  сіз  іскер  әйелсіз. Орыс тілділердің  ортасында көбірек  жүресіз.  Қазақшаңыз  қалай? - Иә, біздегі  бір  өкінішті  жағдай   еліміздегі  бизнес  тілі орысша. Көбіне  сол  тілде «гәпіріп»  жүретініміз  бар.  Оған кінәлі кім? Әрине  өзіміз. Сыртағы  біреуді кінәлеу  болмас.  Мына  парадокске қараңыз, елге  оралған қандастарымыз «атамекенге келдік,  қазақы  ортаға келдік»  деп алғашында  мәз  болады. Бірақ көп  ұзамай  бұл  қуаныштары су сепкендей  басылады.  Неге? Өйткені  бәрі  орыс тілінде. Ол тілді білмесең,  ешқандай  жақсы жұмысқа  тұра алмайсың. Кез-келген жер сенен «қазақ тілін білесің  бе?» деп сұрамайды, «орыс  тілін,  ағылшын  тілін  меңгергенсің бе?» деп  сұрайды. Сол секілді  шеттен келетін  бизнес  өкілдері  де  «Қазақстанда қазақша  сөйлейтін  болармыз» деген оймен келеді. Алайда  әлгіндегідей  мәселені  көрген соң,  оларда   қазақ  тілін емес, орыс тілін  меңгеруге  тырысады. Бұл  өте өкінішті  жағдай.  Маған салса, Ата заңдағы  «ресми  тіл,  орыс тілі»  дегенді алып-ақ тастар едім. Бір қуаныштысы жақында  ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Қазақ  тілі – ұлтарлық  тіл  болуы  тиіс!» деп атап көрсетті. Бұл  жақсылықтың  нышаны. Бұғанда  жетерміз. Салыстырмалы түрде алатын  болсақ,  Қазақстанда ұлтымыздың  үлесі 70 пайыздан асты. Шүкір  делік. Түркияда елдің бәрі түрікше  сөйлегеніндей,  Өзбекстанда жұрттың бәрі  өзбекше сөйлейтінідей, бізде  де қазақстандықтар қазақша  сөйлеп,  қазақша түс көретін кезге жетерміз.  Рас,  мені  «қазақшасы кем»  деп  жатады. Қайдам?  Мен  өзіміз  тұрған  Алматы  шаһарында  №86  қазақ  мектебін  бітірдім. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университетінің  Шығыстану  факултетінде  білім алдым.  Бір  қазақтай ана  тілімде  сөйлей аламын.  Шүкір.Мен ана  тілімнің  жанашырымын. Қазақ тілі өз мәртебесіне лайықты юолу үшін қоғам болып жұмылуымыз керек.   - Байқағаным  іскер  жастармен көп  байланыста екенсіз. Мынаған  жауап  берсеңіз, қазір білімді-білікті  жастар елімізден шетке  көптеп кетіп жатқан сияқты... Әлде олай емес пе? - Мұны  «ақыл-ойдың  жылыстауы»  дейді. Әлемде  бар үрдіс. Өзекті  мәселе.  Қай  елде жалақы  жоғары  болса, өз  күшіңмен мәнсәп сатысына  көтерілуіңе  жол  ашық  болса, неге  көшпеске. Бізде  ащы  да  болса айтуға  туракелетін   бр  мәселебар.  Ол -қанша  білікті  болсаңда,  білімді  болсаңда  танысың,  аға-көкең  болмаса  сен қызмет еткен жеріңде  бірінші адам болмайсың. Өйткені ол  жерде  біреудің  туысы, тағы бірдеңесі  отыр. Сенен  білімі  төмен, басшылық тәжірибесі жоқ адамға  қалай бағынышты  болғың  келеді.Мәселе  сонда.  Сондай-ақ білім-ғылым саласына қаржының аз  бөлінуі,  гранттардың  кемдігі  де әсер  етеді. Елден  шетке   жиырма  беспен  қырық  жастың арасындағы  азаматтар кетуде. Нағыз от  болып жанып,  мемлекетке  қызмет  ететін кез. Жалпы ақыл-ойдың  шетке  жылыстауы қауіпті. Біз  әлі кемеліне  келген, жоғарғы технологияға  ие  болған,  дамудың жоғарғы  сатысында  тұрған  мемлекет  емеспіз. Бізге  әр  бір білікті  жас маман  ауадай  қажет.  Олардың  сыртқа кетпеуіне,  өз  елімзде  қалуына  жағдай  жасауға  тиіспіз. Мемлекеттің басты міндеттердің   бірі, осы болуы  шарт. - Әңгімеңізге  рахмет Әңгімелескен Досжан  БАЛАБЕКҰЛЫ

1823 рет

көрсетілді

90

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы