• Мәдениет
  • 25 Желтоқсан, 2019

Ақжайықты аялайық

Жуырда Атырау қаласындағы «Premier Palace» мейрамханасында «Ақжайықты аялайық!» атты фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті. Оған­ Атырау облысы­ әкімдігінің басшылары, «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ өкілдері, мұнай компаниясының басшылары мен сала ардагерлері қатысты. 

Бәрімізге белгілі, соңғы жылдары Батыс Қазақстан және Атырау облыс­тарына ортақ қазына, ихтиофауна өкілдерінің сан алуандығы тұрғысынан аса бай су қоймаларының бірі – Жайық өзенінің тартылып, қайраңдануына орай жалпыұлттық, тіпті турасын айтқанда жаһандық проблемаға айналып отыр. «Каспий Құбыр Консорциуымы-Қ» АҚ-ның қолдауымен өткен экспедиция барысында әлемге әйгілі «National Geographic Qazaqstan» журналының өкілдері осы жылғы қыркүйектің 2-12 ара­лығында Жайықтың Батыс ­Қазақ­стан­ облысы шекарасынан бастап, Атырау облысы аумағындағы Каспий теңізіне құятын тұсына дейінгі бөлігін сүзіп шыққан еді. Олар 2 мыңға жуық шақырымды жүріп өтіп, бес мыңға жуық фотосуретті таспаға тартып алған болатын. Экспедиция мақсаты – ең алдымен, журнал бетінде Батыс өңіріміздің ең басты су күретамыры – Жайық өзенінің бүгінгі аянышты ахуалын көрсету арқылы қоғамда сілкініс туғызу, уақыт күттірмей, тез шешуді талап ететін күрделі мәселені Қазақстан Республикасы Үкіметіне жеткізу еді. Шара барысында сөз алған ­«Каспий Құбыр Консорциуымы» АҚ-ның атқарушы директоры Милат Қарабалин былай деді: «КҚК өзінің негізгі жұмысынан бөлек, аймақтағы экологиялық проблемаларға да ден қойып келеді. Осы бағытта 2001 жылдан бері 7 млрд теңге бөлген. Рас, Жайыққа қатысты соңғы жылдарда орын алған проблемалар адам шошырлық жағдайға жеткен. Бұл мәселені екі елдің атқарушы органдары талқылап жатыр». Экспедиция барысында өзеннің тереңдігі өлшенді, суы мен топырағынан сынамалар алынды, флора мен фаунаға мониторингтік зерттеулер жасалды, өзеннің оң және сол жағалауарын мекендейтін тұрғындармен кездесулер өткізіліп, жергілікті көнекөз қариялардың пікірлері ескерілді. Экспедиция қорытындысын «National Geographic Qazaqstan» журналының желтоқсан айында шыққан санынан оқи аласыздар. Бір мысал келтіре кетейік, 2019 жылы Жайықтағы су деңгейі орта есеппен 330 см дейін төмендеп кетсе, бұл көрсеткіш 1970 жылдары 583-590 см аралығында болған. Осыған қарап-ақ ерке Жайықтың жағдайы қаншалықты мүшкіл екенін аңғару қиын емес.

Диана Ізбасар

1251 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Өткенді қадірлеу – көрегендік
Келесі мақала КҮЙ САҢЛАҒЫ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №48

26 Қараша, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор