• Ақпарат
  • 09 Қаңтар, 2020

Газет қай кезден бастау алған?

Кейбір тарихшы-ғалымдардың пайымдауынша, газеттің шығу тарихы теңіз саяхатшысы Христофор Колумбтың Испания патшасына жазған хатынан бастау алады. Газетте Колумб Американың ашылуы туралы жазған. Арада 40 жыл өткенде ­Ита­лияда «газета» (итальянша «gassetta» деген сөз пайда болады. Жаңалықтар ­«газета» деп аталған. Ал немістің «Цайтунг» (немісше «Zeitung») деген сөзіндегі Zeit – уақыт, яғни «соңғы жаңалықтар деген­­ді білдіреді. XV ғасырдан бері газет не болмаған демеңізші?! Мадридте газет қолорамал болып та шығыпты. Қолорамалдағы жаңалықтарды оқып болған соң, испандықтар оны субұрқаққа шайып (Мадридте әр аттап басқан сайын субұрқақ кездеседі), күнге кептіріп, жүре беретін болған. Мұндай қолорамал газеттер Па­рижде де көп кездескен. Парижде газеттер тәтті вафли болып та пісірілген. Кейін оқырмандарын көбейту үшін әркімнің қызығушы­лығына қарай да газет шыға бастады. ХІХ ғасырдың аяғына қарай АҚШ-та бақытсыз жандарға, бауыры ауыратындарға, байлар мен қайыршыларға арналған газеттер жарық көріпті. Англияда, ­мысалы, әлі күнге дейін мысық асырайтындардың газеті бар екен.

Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР 

700 рет

көрсетілді

36

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы