• Мәдениет
  • 22 Қаңтар, 2020

Спорттың дамуын тежейді

Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдан бастап ілгері дамып келеді. Еліміздің жаңа қоғамда экономика, саясат, білім-ғылыммен қатар, спортта да жеткен жетістіктері айтарлықтай көп. Алайда коғамды кері тартатын фактордың бірі – сыбайлас-жемқорлық мәселесі түбегейлі шешімін таба алмай келеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген жауапкершілікке тарту туралы баптар енгізілді. 

Сыбайлас-жемқорлық мәселесі спорт саласын да айналып өтпегені белгілі. Жемқорлық спорттың өркендеуіне, оны қаржыландыру мүмкіндігінің төмендеуіне, дамуына кедергі жасап қана қоймай, спортқа деген сенімсіздіктің пайда болуына әкеледі. Спорт – үлкен күш-жігерді, жұмыс пен төзімділікті, әрдайым алға деген ұмтылысты қажет ететін сала. Ал бұл салада пара алу не пара беру алдымен спортшының өзін, еңбегін елемеу. Сондықтан тек әділдік пен адалдықты талап ететін салада осыған қарсы шаралар қабылданды. Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру саласындағы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресінде мынадай мақсаттарға жүгіну қажет: жемқорлыққа қарсы әрекет етудің тиімділігін арттыру; жемқорлыққа себепші болатын факторларды анықтау; жемқорлыққа қарсы жұмыс жасайтын бөлімдер мен басқарма қызметінің тиімділігін арттыру; спортшылар мен жаттықтырушыларлардың жемқорлыққа қарсы деген дүниеге көзқарастарын жоғарлату. Ең алдымен, бұл жолда барлық жұмыс қаржы-экономикалық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету басқармаларына келіп тірелгендіктен, олардың қызметтеріндегі айқындықты талап ету жұмыстары қолға алынды. Әрбір спорт мекемесінде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне қарсы азаматтардың арыздары мен өтініштерін қабылдау үшін жәшік орнатылған. Сонымен қатар кәсіпорындардың басшылығы мен азаматтарды қабылдау кестесі құрастырылды. Материалдық-техникалық тауарлар ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес алынады. Кез келген ауқымды спорттық іс-шараларды өткізу, халықаралық жарыстарды қаржымен қамтамасыз ету кезінде жемқорлықты алдын алу мәселесі бойынша спорт федерацияларымен, қоғамдық бірлестіктермен айқындықты талап ететін жұмыстар жүргізілуі керек. Осыған байланысты өткізілген іс-шаралар бойынша қаржы есептері беріліп тұрады.

Ержігіт ИБРАГИМОВ, «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп- интернат-колледжінің» баспасөз хатшысы

84 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала МӘҢГІЛІК БЕЙНЕЛЕР ӘУЕНІ
Келесі мақала Кітапханадағы игі істер

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №48

26 Қараша, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор