• Мәдениет
  • 22 Қаңтар, 2020

Кітапханадағы игі істер

Іле аудандық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, сыншы Әмина Құрманғалиқызымен «Ойы ұшқыр, тілі өткір Әмина» атты кездесу кеші болып өтті. Кешке Алматы қаласынан бір топ зиялы қауым өкілдері, Іле ауданының атқамінер азаматтары, оқушылар мен кітапханашылар қатысты. Кеш жүргізушісі Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы оқу залының меңгерушісі Гаухар Абдильдинова Әмина Құрманғалиқызының шығармашылығынан қысқаша мағлұмат берді.

Соңғы жылдары әдебиет әлемінде сыншы ретінде танылған Әмина Құрманғалиқызының қалам­герлік қабілеті алуан қырлы. Ол от ауызды,­ орақ тілді, жүрегі түкті сатирашы, ­тарих қойнауынан сыр тартып, халық басынан өткен қиын кезеңдерді көз алдыңа елестеткен шебер прозашы, алғыр да қырағы журналист, қоғамдағы небір келеңсіздіктерге ­батыл пікір білдіре алатын­ сыншы. Осы күнге дейінгі 300-ге тарта әлеуметтік-танымдық, әдеби-рухани мақалалары «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Ақиқат», «Егемен­ Қазақстан», «Жас Алаш» ­басылымдарында жарияланып келеді. Іле аудандық кітапханасында Әмина Құрманғалиқызының мұражай ­бұры­шы­ ашылды. Мұражайға сыншы­ның баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалары, кітаптары, марапаттары қойылды. Әмина Құрманғалиқызы Іле аудан­дық кітапхана қорына өзінің жеке кітапханасынан 70 дана кітап сыйға тартты.­ Қаламгердің «Жеті ата ­Жолымбетке төккен нұрын», «Біз де қайттық өмірдің базарынан», «Әулет пен нәубет», «Сатира – сынның жиені» атты кітаптары жарық көрді. Әмина Құрманғалиқызы ең алдымен ұстаз. Бұл салада табан аудармай 38 жыл еңбек етті. Сол еңбектің 20 жылы Іле ауданы еншісінде. Осы саладағы еңбегі бағаланып «Ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Әмина Құрманғалиқызының көп­шілік біле бермейтін бір қыры ол – айтыскерлігі, суырыпсалмалығы, айт­қыш әзілкештігі. Бірде облыстық бір айтыста қарсыласы Әминаға: «Руың кім, шыққан, келген жерің» депті. Сонда Әмина: Қадірімді білсеңіз қыз боламыз, Білмесеңіз қас-жауың біз боламыз Абайдың атқосшысы көк көз сары Соның туған балдызы біз боламыз. Жездем кім, руым кім енді өзің тап, Ажының жақсы-ақ қызы біз боламыз. Жүзтайлақтың ауылы келген жерім Ал енді өзің айтшы кім боламыз? – деп жұмбақтайды. Бұған жауап беру үшін ақынға Абайды, Абайдың айналасын білу керек. Жауап бере алмайды. Әділқазылар жеңісті Әминаға береді. Бұдан кейін қонақтар Әмина ­Құр­манғалиқызының «Сатира – сынның жиені» кітабынан алынған «Ах-ше­кесінде екі», «Жеңгең қалды» сатиралық көріністерді тамашалады.­ Кезек әнге берілді. «Қара ой» ауылдық кітапхана меңгерушісі ­Айман Нұрбекованың орындауында «Ауылым» әні әуеледі. Нұрғожа атындағы «Ардагерлер» халық ансамблі мүшелері Күнсұлу Отарбаева мен Баян Тұралықызы «Туған жер» әнін шырқап, тыңдармандардың көңілінен шықты. М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп оқушылары Әмина жырларынан монтаж орындады. Әмина Құрманғалиқызының ­мұ­ражай бұрышының тұсаукесер рәсімі өтті. Кешке қатысқан филология ғылымының докторы, про­­фессор Айгүл Ісмақова, филология ғылымының докторы, профессор Гүлзия Пірәлиева, ­жазушы Жанар Әбдішова, қазақ әдебиеті мен өнерінің жанашыры Мәриям апай, сондай-ақ Іле аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақытжан Рақымжанов сөй­леп, Әмина Құрманғалиқызының ­шы­ғар­машылығына табыс тіледі. Іле ауданы әкімінің аудандық кітапхана қызметкерлері өз істеріне шын берілген, қай-қайсысы да істерін дөңгелетіп әкететін, кәсіби біліктілігі жоғары жандар деп ұқтым. Олар кітапхана директоры Қарлығаш Будугулова, әдістеме бөлімінің меңгерушісі Айнұр Мұқалиева, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Сымбат Қабақова, оқу залы және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Гаухар Абдильдинова. Мұндағы кітап қоры 174470 дана, оның 67928 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиеттер. Оқырмандар саны 17125, келушілер саны 172544, кітап берілімі 319700. Аудандық кітапхана өз жұмысын «Өлкетану», «Мәдени мұра», ­«Жастар саясаты», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын, ҚР-ның Тіл және Мәдениет» туралы заңдарын басшылыққа ала отырып, жастарды ­патриотизмге тәрбиелеу, бабалардан мирас болып қалған ұлы мұраны қадірлеу және рухани құндылықтарды әрбір жастың бойына сіңіру жолында еңбек етуде. Кітапхана электронды каталог «КАБИС» бағдарламасымен 2003 жылдан жұмыс істейді. Іле ауданының 90 жыл толуына орай аудандық кітапхананың «Келбет» жобасы аясында ауданның Құрметті азаматы, ҚР Халық ағарту ісінің үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері Т.Кененқызымен кездесу кеші өтті. «Іленің сырлы кештері» кітабының тұсаукесер рәсімі жергілікті ақын, ­жазушылармен өткізілді. Өткен жылдың соңғы тоқсанында бес кітап көрмесі, бір семинар, үш дөңгелек үстел, төрт кездесу,­ тоғыз басқа шара түрлері өткізіліп, 552 адам қамтылды. Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының қорытындысы бойынша­ Алматы облысы, Іле аудандық кітапханасының оқырманы Мақсат Сейдалиев «Үздік оқырман» сертификатымен марапатталды. Алдыңғы жылы аудандық кітапхана Алматы облысы бойынша 1-орынды жеңіп алды. Заманға сай жұмыс формаларының өзгеретінін кітапханашылар жақсы түсінеді. Сондықтан олар өз жұмыс­тарына жаңалық енгізіп, кәсіби ­бі­лік­тіліктерін арттыру мақсатында ­ха­лықаралық, республикалық, облыс­тық семинарларға қызығу­шылықпен белсене қатысып отырады.

Тұрсынхан Шәлдибекқызы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Алматы облысы

1579 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы