• Басты мақалалар
  • 22 Қаңтар, 2020

БІР ҚҰМАЛАҚ БІР ҚАРЫН МАЙДЫ ШІРІТЕДІ...

Бексұлтан НҰРЖЕКЕ-ҰЛЫ, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Ал, менің ойымша, екі құмалақ қарынның өзін шірітеді. Олай болса, үш-төрт құмалақтың зыйанын әңгіме етіудің өзі зәреңді ұшырады. Латын әліпбійіне көшіуге байланысты жасалған «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелеріне» қатысты менің қәупім осындай.

Бұл «Негізгі ереже», ғылымый ақый­қатқа жүгінсек, ереже деуге ­жарамайды. Себебі онда қазақ тілінің ұлттық табыйғаты бір-екі сөзбен болса да айтылмайды. Өйткені оны жасаушылар ұлттық тілдің табыйғатын бұзып отырғандарын біледі. Ал тілдің ұлттық табыйғатына сай жасалмаған ереже қалайша «Негізгі ереже» болады? Қазақ тілінің ұлттық әрі негізгі ерекшелігі жалғамалы тіл екенін, меніңше, бүкіл мамандар мен ұстаздар түгел біледі. Бірақ «Негізгі ережеде» ол айтылмайды. Айтылмаған соң, әрійне, басшылыққа да алынбайды. Қазақ тілінің айтылыу және жазылыу­ заңының негізі үндестік заңына сәйкес қалыптасқан. «Негізгі ережеде» ол да айтылмайды, ешқандай оған ғылымый сыйпаттама берілмейді. ­Демек бұл «Негізгі ереженің» ғылымый дәйектілігі күмәнді. Жалғамалы тілдің ерекшелігі неде? Ерекшелігі сол, сөздері дыбысқа ­дыбыс, бұуынға бұуын, түбірге қосымша үндесіп жалғаныу арқылы жасалатын тілді жалғамалы тіл дейміз. Бұлар дұрыс жалғанбаса, сөздің ұлттық табыйғаты бұзылады. Ал үндестік заңының ерекшелігі неде? Оның да ерекшелігі сол, дыбысқа дыбыс, бұуынға бұуын, сөзге сөз бір-бірімен үндесіп, құлаққа жағымды біркелкі әуезбен естілетіндей болып жалғаныуы керек. Демек, тіліміздің ұлттық табыйғаты бойынша,­ тіліміздегі барлық сөз ұлттық ырғақ пен әуезге бағыныуға тійіс. Ал тілдің әуезді, сазды айтылыуы­ ондағы дауысты­ және дауыссыз дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, не біргелкі жұуан, не біргелкі жіңішке болып келіуіне байланысты. Одан басқа оның ешқандай құйтырқысы да, құпыйасы да жоқ. Мысалы, «алмалы», «қабырғалы» деген сөздегі барлық дыбыс тек жұуан болса, «мәңгілік», «текемет» сөзінде бар­лық дыбыс біргелкі жіңішке болып келеді. Үндесіу дегеніміздің негізі – сол. Бұл екі ерекшеліктің – жалғама­лық пен үндестіктің – бірі бұзылса, екіншісі де бұзылады. Тілдің ұлттық табыйғаты дегеніміз де сол. Өте қарапайым ереже. Бұл ереже түбір мен қосымшаның жазылыуында ­басты бағдар болып табылады. Түбір дегеніміз – әр сөздің негізі, одан ары бөлшектеуге болмайтын мағыналы бөлігі болса; жұрнақ түбірден жаңа мағыналы сөз тұудырады, ал жалғау сөз бен сөзді байланыстырып тұрады. Мысалы, үндестік заңының талабына сәйкес, «жылқы» деген түбірге «жылқы – шы» деген жұуан дыбысты жұрнақты ғана жалғауға болады, ал егер «жылқы – ші» дейтін болсақ, онда үндестік заңы бұзылады. Оған жалғау да сол тәртіппен жалғанады. Мысалы, «жылқышы – ге» емес, «жылқышы – ға» болады. Қазақ тілінде түбір және атау сөздерде біргелкі екі дауыссыз да, екі дауысты дыбыс та қатар келмегендіктен ғой бабаларымыздың мақсатты түрде «Меке», «ләзәт», «мүде», «махабат», «Алдаберген», «молда», «шарыйғат» («шариат» емес), «құрыйат», «пырапесір», «агыресор» деп, шет тілді өз тіліне үйреткені. Олардың ұғымынша, дін де, сайасат та ұлттың тіліне зыйан келтірмеуі ­тійіс-ті.­ Өкінішке қарай, біз ол ұстанымды жалғастыра алмадық. «Неге жалғастыра алмадық?» «Қалай жалғастыра алмадық?» «Бұл жала ғой!» деген сұрақтар мен күдіктер еріксіз бас көтереді. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов атындағы республыйкалық Тіл білімі іністұты жасаған (басшылары Ерден Қажыбек, Нұргелді Уәли) «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелеріндегі» «құмалақтарға» көңіл аударып көрейік. Бүкіл «Негізгі ережеге» тән ­басты құмалақ – қазақ тілінің емлесі тіліміздің ұлттық табыйғатына негізделмей, орыс тіліне ыңғайластыра жасалыуы.

Соның нәтійжесінде, қазақ тілі ешқандай ұлттық ерекшелігі жоқ сыйақтанып шыққан. Ал орыс тілі жалғамалы тілге жатпайтын тіл болғандықтан, оның ережесі қазақ тілін өз бетінше дамыта ма әлде өз қолтығына қарай тарта ма? Орыс тілінің дыбыстарды ықшамдап немесе үнемдеп жазыу үлгісі мынандай: й + у = ю, й + а = я, ш + ш = щ, й + о = ё, т + с = ц, – екі әріптің орнына бір әріп жазыу. Жалғамалы тілге бұл әдістің келе бермейтін себебі, ол екі дыбыстың бірін алдыңғы бұуынға, екіншісін келесі бұуынға бөліп жазыудың орнына екеуі де зорлықпен бір ғана бұуынға кіріп кетіуі мүмкін. Мысалы: аш + шы = ащы, тіпті оны бұуынға, тұщ – ы деп те, тұ – щы деп те бөле алмайсың, өйткені қазақ тілінде «тұ – шшы» деген де, «тұшш – ы» ­деген де дербес бұуын болыуы мүмкін емес, тек бір «ш» алдыңғы, екінші «ш» келесі бұуынға қосылыуы қажет. Ал ё әрібін қажет ететін қазақ тілінде бірде-бір сөз жоқ-ты, «ёлка» дегенді зорлап тықпалап көріп еді, қазақ оған көнбей, өзінің «шырша» деген сөзіне батыл ійе болды. «Ц» әрібінің де жай-күйі қазақ тіліне сыйыспады, себебі қазақтар «цифр» деп жазғанмен, «сыйпыр» деуін жалғастыра берді. «Цирк» дегенді де «сійрк» дей салатын болды, сіңіспеді, сондықтан ол әріптерді әліпбійімізден алып тастау орынды еді. Жалғамалы тілде әр сөз бастан-айақ не жұуан, не жіңішке болып біргелкі айтылатындықтан, «ъ» және «ь» белгілерінің де қажеті жоқ болатын. Бірақ біздің ғалымдар екі ­дыбысты белгілейтін орыс әріптерін әліпбійімізден алып тастағанмен, орыс тілінде де жоқ сорақы әдісті сақтап қалды. Ол әдіс – төрт дыбысқа бір әріп белгілеу әдісі. Оны жасап отырғандарды өз тілінің табыйғатын терең түсінетін, соған шексіз сүйсінетін және оны көзінің қарашығындай қорғайтын ғалымдар деуге аузым бармайды. Себебі... оны өздеріңіз таразылап көріңіздер, құрметті қазақ оқығандары! Бірінші «құмалақ» – «ый», «ій» деген төрт дыбыстың орнына бір ғана «и» әрібінің жазылыуы. Бұл ереже ұлт тілінің өз табыйғатынан тұуған ереже емес, ғалымдар ұсынған дійктатұра. Қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсыновтың қағыйдасына қарсы жасалған қағыйда. Ғалымдар орыс тілінің ережесін қазақ тіліне теліп, тілімізді соған бағындырып отыр. Жалғамалы тілдің дыбыстарын ықшамдасақ, сөз түсінікті қалпын сақтайды, мағынасы да өзгермейді, бірақ тілдің ғасырлар бойы жасалған, қалыптасқан табыйғаты бұзылады. Былайша айтқанда, оның әуезділігі, әуенділігі жойылып, басқаша айтылып, басқаша жазылатын болады. Бұл ереже – тілдің ұлттық табыйғатын, үндестігін бұзатын басты «құмалақтың» бірі. Ол – тіліміздің ұлттық сыйпатын бірте-бірте жойатын, ақырында тіліміздің айтылыуын да, жазылыуын да басқа тілдің ықпалына түсіретін, соған ійкемдейтін жегі құрт тәрізді тәсіл. Солай ма, солай емес пе – талдап көрелік. Біз 1929 жылы да латын әліпбійін қабылдап, он жылдан астам гәзет-жұрнал, кітәп шығарғанбыз. Сондағы әліпбійімізде 29 әріп болған. Олар мынау: а, б, ш, ж, д, е, ә, г, ғ, һ, й, і, к, л, м, н, ң, о, ө, п, қ, р, с, т, ұ, ү, у, з, ы. Көріп отырсыздар, бұл әліпбійде «и» деген (ұзын «й») орыс әрібі жоқ. (Бұл әліпбійді ҚР Кітәп палатасының мұрағатынан немесе ҚР Ұлттық кітәпханасының қызметкерлері ­Набат Асқарбекова мен Толқын Замзаева шығарған «Латын графикасымен басылған қазақ кітаптарының каталогынан» көріуге болады (Алматы, 2007 жыл, 1-бөлім, 16-бет; 2 -бөлім, 6-бет). 1929 жылғы әліпбій бойынша, кейбір сөз мұқабаның өзінде ­былай ­жазылыпты: «әдебійет» (сонда, ­2 -бөлім,­ 129-бет); «тарыйх» (сонда, 130-бет). Неге бұлай жазылған? Өйткені үндестік заңы бойынша, әр бұуында бір ғана дауысты дыбыс болыуы­ міндетті. Сондықтан «әдебійет» деп ­жазылады және былай бұуынға бөлінеді: ә – де – бі – йет. Бұл тектес сөздер тілімізде біршама: мә – де – ні – йет, өркенійет, нійет, жійек, тійек, бійік, кійік, шійкі, шійдей, тійімді, тійтімдей, кійкілжің, мійтің, жійірек, кійім, дійірмен, бій, т.с.с. Кәзір бұл үндестік заңын бұзып, «жиірек» (жи +і +рек деп бұуынға қәте бөліп), «ки +ім» деп, т.с.с. жазып жүрміз. Бұл аздай, сөз басында келетін «і» дыбысын да жазбайтын болдық, ійт екеш ійітті де ит деп жазыуға көштік. «Ійіс» емес, «иіс» дейтін болдық. Сонда бұуынымыз «і =йіс» болыудың орнына­ «и+іс» ­болып, екі дауысты дыбыс «и» мен «і» қатар келе беретін болды. Жалғамалы тілдің басты ерекшелігі – екі дауысты дыбыс ешқашан қатар келмейді ­деген Ахаңның айтқаны әдірәм қалды. ­Ондай быт-шыт болған «і»-ден ­басталатын сөз тілімізде әжептәуір. Мысалы: ійек, ійектеу, ій+кем+деу, ійректеу, ійсінбеу, ійкемсіз, ійрмек, ійіріу, ійіліу, ійіңкіреу, ійменіу, ійелен, ійесіз, ійіскеу, ійлек, ійіс сұу, ійістену, т.с.с. «І» дыбысын зорлықпен шектеп келгенімізге былай тексеріу арқылы көз жеткіземіз. Тілімізде қос сөздердің бір жасалыу жолы бар. Ол бойынша, негізгі сөздің басқы бірінші –екінші дыбысын қайталай отырып, оған «п» дыбысын жалғап, күшейткіш бұуын жасау арқылы қос сөз тұудырамыз. Мысалы, қып-қызыл, түп-түзу, тәп-тәуір, іп-ірі, тіп-тік, т.с.с. Ал жаңа «Негізгі ереже»­ бойынша, бұл сөзжасам мүлдем басқаша көрініске ійе болып кетеді. Мысалы, іп-икемді (дұрысы іп-ійкемді болыуы керек еді), тіп-тиімді (тіп-тійімді), іп-ирек (іп-ійрек), тіп-титімдей (тіп-тійтімдей), шіп-шикі (шіп-шійкі), жіп-жирн (жіп-жійрн), сіп-сирек (сіп-сійрек), іп-имек (іп-іймек), т.с.с. «І» байғұс естіліп тұрса да, жазбайтын болдық. «І» мен «и»-ді қосып бір әріп жасаудың тіл табыйғатына қайшы екені осы мысалдардан ап-айқын көрініп тұрған жоқ па? Сөздің өзі де, ережесі де бұзылып тұр. Ал егер тіліміздің табыйғатын сақтап жазғанымыз солай болса, онда қос сөзіміз де соны құптап, «сип-сирек», «ип-ирек», «тип-титімдей», т.с.с. ­жасалмас па еді? «Тарыйх» дегенді «тарих» деп ықшамдап жазыу арқылы сол тектес қырыуар сөздің табыйғатын тағы бұздық, «сыйыр» «сы+йыр» деудің орнына «сиыр» деп (си+ыр) зорлық жасадық, т.с.с. қыйыр, қыйық, қыйас, қыйғаш, қыйтар, қыйын, қы+йа, жыйын,­ қыйсық, жыйырма,­ жыйылыс, сыйыспау, сыйықсыз, сыйпаңдау, сыйақты, қасыйды, ­тасыйды, қышыйды, жасыйды,­ сасыйды, сыйрақ, қыйыршық, сыйымды, жыйырылды,­ мыйсыз, бақыйлық, қақыйды, сақыйна, қоқыйды, шоқыйды, тоқыйды, тыңқыйды, мыңқыйды, сымпыйды,­ аңқыйды, томпыйды, жымпыйды,­ шарыйғат, жазыйра, қағыйда, пыйғыл, шыйтқан, мыйтың тәрізді толып жатқан сөзді «ы» мен «й»-ді біріктіре жазып былықтырдық. Онымен қоймай, сөз басында келетін «ы» дыбысының да үнін өшіруге кірістік: «ылай» демей, «лай» дедік, «ырыс» демей, «рыс» дедік,«ылақты» «лақ», «ырайды» «рай», «ырымды» «рым», «ыйықты» «йық», «ыласты» «лас» деп ықшамдадық. Мұның бәрі аз ба және пайдалы құмалақ па? Жоғарыда айтқан қос сөздің жасалыу түрі «ы» дыбысын да шарпыды. Мысалы, шып-шымыр, сап-сары, жым-жылас, қым-қыйғаш секілді жолмен жасалыуға тійіс сөздерді былайша бұзып, «тып-тыйпыл» деудің орнына «тып-типыл, қым-қыйғаш» деудің орнына «қым -қиғаш», «сып-сыйдам» деудің орнына «сып-сидам», «шып-шыйрақ» деудің орнына «шып -ширақ» деп жазыуға мәжбүр болдық. Ал егер «ширақ» деп жазыуымыз дұрыс болса,­ онда қос сөзіміз «шип-ширақ» ­болыуы керек еді ғой? «Сып-сыйдам» да «сип-сидам» болмас па еді? Сол сыйақты «қим-қиғаш» деп жазбас па едік? Бұзылған ереженің сөзді қалай бұзатыны осыдан да көрініп тұрған жоқ па? Орыс тіліне тән «и» дыбысын ана тілімізге зорлап енгізгенде, не ұттық? Тіліміздің төл табыйғатын нығайттық па әлде қыйраттық па? Бір әріпке ықшамдап жазатын болдық, бірақ есесіне тіліміздің төл табыйғатына қаншама балта шаптық? «Шыйқанды» ықшамдап «шиқан» деп жаздық та, ондағы «и» әрібін жұуан «и» деп қабылдадық. Алайда оны «жуан й» етіп тұрған жазылмай, көрінбей тұрған «ы» дыбысы екенін әдейі ескермедік. «Шійрек» дегенді «ширек» деп жаздық, ондағы «и»-ді жіңішке дауысты «и» деп қабылдадық. Алайда оны жіңішке ­дауысты ­дыбыс етіп тұрған өз тіліміздің тәуелсіздігі жоқ «і» дыбысы­ екенін мойындамадық. Осылай «тілімізді дамытатын даңғыл жолға» түстік пе? Орыс тілінде тек жіңішке дауыс­ты болып келетін «и» әрібін біресе жұуан, біресе жіңішке дауысты дыбыс деп дәріптедік. Содан не болды? Халықтар достығы нығайды ма, тіл байланысы­ нығайды ма? Тілімізге осыншама зыйаны тійіп отырған «и» әрібін жаңа әліпбійге енгізіп отырып, «Енді тіліміз латын әліпбійі арқылы дамыйды!» деп даурығып жатырмыз. Әлде: «Сөз де орнында, мағынасы да орнында тұрса, болды емес пе?» деген тоғышар талапқа бас ійеміз бе? Ықшамдау әдісі, ­шынымен, тілімізді ұжмаққа жеткізетін болса,­ онда нағыз ықшамдауға көшіп, «біздің» ­демей-ақ,­ «бздң» дей салайық та. Сонда­ сөйлесек, сөз де, сөздің мағынасы да түсінікті күйде қала бермей ме? Мен мүжілген, табыйғаты бұзылған сөздерді түгел тізе қойған жоқпын, алайда тілдің табыйғатын ескермегендер сәл де болса тіксіне ме ­деген үмітпен әдейі молырақ мысал келтірдім. Сондағы мақсатым – сырттан зорлап енгізген бір ғана «и» әрібінің тіліміз бен сөзімізді бүлдіріп, арфографыйа мен арфоэпыйамызға келтірген зыйаны­ мен залалы ұшан-теңіз екенін тек аңғартыу. Бірінші сыныпқа барғанымызда, әр сөзді бұуынға бөліп оқыудан бастаушы едік, кәзіргі балалар біз «мый + сыз» деп оқығанды «ми +сыз» деп оқығанда не ұтты екен дегенді еріксіз ойлаймын. Державалық мемлекеттің басшысын өз тіліміздің ыңғайымен Быладіймір Быладійміровіш Пұтін деп жазыуы­мыз ыңғайсыз көрінсе, ­жа­райды, «Выладіймір Выладійміревіш Пұтін» деп-ақ жазайық, жаңа әліпбійімізде «В» әрібін қалдырып, есесіне тілімізге аса зыйанды орыс әрібі «и»-ді алып тастайық. Орыстар соған бола: «Неге өйттіңіздер?» деп, майдан аша қоймас. Сайасат та өз елінің, өз тілінің мүдесін сақтай біліу үшін жасалмай ма? Егер менің быйыл 140-қа келе­тін атам тірі болса, ол, сөз жоқ, ­Ресей пірезійдентін «Ұладіймір Ұладій­міробіш» дер еді деп болжаймын. Бір қызығы, орыс тілінің өзінде қатар келетін «ы» және «й» әріптері «ықшамдалмайды»: желтый, красный, т.б. Ал «і» дыбысы жоқ болғандықтан, олар жіңішке бұуынды «и» мен «й»-ді қатарластыра жазады: близкий, ­средний, т.с.с. Енді екінші «құмалаққа» келсек, ол – қазақ тілінде тек дауыссыз ­дыбыс болып келген, ал орыс тілінде тек ­дауысты дыбыс саналатын «у» әрібінің тілімізге біресе дауысты, біресе дауыссыз болып еніуі. Бұл, шынын айтқанда, зорлықтың зорлығы. Жоғарыда айтқан 1929 жылғы ­латын әліпбій бойынша, сол жылдар­дың кітәп мұқабасында «Жеті сұу» «жылқы өсіріуге» деп жазылыпты (сонда, 2-бөлім, 132, 141-бет). Демек, ағаларымыз тіліміздің табыйғатын сақтауға тырысып-ақ баққан ғой. Соны Ерден ініміз бен Нұргелді ініміз неге қарамады екен, қараса, неге бағаламады екен? Кәзіргі «су» деп жазып жүргеніміз, қазақ тілінің заңына салсақ, өте өрескел қәте, себебі екі дауыссыз дыбыс әрі атау сөзде қатар келіп, әрі дербес бұуын құрап, тіл табыйғатына қайшы келіп тұр. Ахаңдай «халық жауы» айтқан ережені бұрын ғалым­дар құлаққа ілмеуші еді, қайта оны «әшкере еткендердің» төбесі көк тірейтін. Тілді зорлап ережеге бағын­дырыуға болмайды, ереже тілдің табыйғатына бағыныуы тійіс екенін Ахаң айтуындай-ақ айтып еді, амал қанша?! Сыйқы бұзылған «сұу» тектес сөздердің саны да тілімізде аз емес: тұуыс, тұуырлық, құуырдақ, құулық, құуыс, сұуық, жұуық, құуық, бұуаз, шұуақ, сұуат, сұуыр, сұуал, сұуайт, бұу, бұуалдыр, жұуынды, жұуықта, жұуан, шұуда, шұуаш, тұуғыш, құуырмаш, зұуылдақ, бұуын, жұуыу, жұуас, құуылды, құуаңқы, құуыу, шұуылдақ, жұуынды, құуалау, т.с.с. Біз кәзір осы тектес толып жатқан сөзді «ұ» мен «у»-ды біріктіріп, тек орыс тіліндегі «у»-дың қызметін атқартып жүрміз: туда, бурый, курица, тупой, т.с.с. Орыс тілінің заңы қазақ тілінің үндестік заңымен сәйкес келмейтінін байқасақ та, байқамағансып келеміз. Екі дыбыстан тұратын сөздерімізді бір дыбысқа «ықшамдап», ұ – уыз, ұ – уыс, ұ – уық, ұ – удай деудің орнына «у – ыз», «у – дай» деп жазып келеміз. Тілдің табыйғатына қарап жатқан халық та жоқ, ғалым да жоқ, «Неге өйтесіңдер?» деп ұрсатын басшы да жоқ. «Тілде тұрған не бар, аштан өлмесек, болды» дейтін болыулары керек. Бұл әріптің тілімізді, оның ұлттық табыйғатын қалай іштен бұзып жат­қанына кәзір жалпақ жұрт мән де бер­мейтін болған шығар деп ойлаймын. Тілімізде етістіктің бұйрық ырайлы түрі бар, ол – түбір етістік. Мысалы: оқы, тоқы, шоқы, жекі, тоқта, айтпа, сілкі, жатпа, сөкпе, есті, жүгір+ме («жүгір» де, «жүгірме» де бұйрық ырай), түкір+ме, секір+ме, айт+па, көр+ме, біл+ме, т.с.с. Көріп отырсыздар, бәрі дауысты дыбысқа айақталатын етістік. Енді осы етістіктерден тұйық ырайлы етістік жасайық. Сонда былай болады: есті + у = естіу, оқы+у=оқыу, сілкі+у=сілкіу. Ал біз «оқу», «сілку» деп жазып жүрміз, сонда «і» мен «ы» дыбысы қайда кетті? Олар тұйық ырайда естілмей ме, ­айтылмай ма? Айтылғанда, естілгенде қандай, бірақ жазылмайды, өйткені бір «у» әрібі «ы» мен «у»-дың «і» мен «у»-дың орнына жүріп тұр. Әрі дауысты дыбыстың қызметін атқарып тұр, ал, шын мәнінде, «оқу», «сілку» дегенде,«у»-ды дауысты дыбыс етіп тұрған – жазылмай қалған қазақтың «ы»-сы мен «і» дауыстысы. «Ы» мен «і»-ге айақталатын сөзге жасалған қыйанат басқа дауыстыға біткен сөзге жасалынбайды. Мәселен, түкірме+у, айтпа+у, сақта+у, болма+у, т.с.с. Неге? Себебі мұнда «у» әрібі өзінің дауыссыз дыбысқа жататын табыйғый қызметін атқарып тұр, ал «оқу», «тоқу» дегенде, зорлықпен дауыстыға жатқызылып, қыйанат шегіп тұр. «Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас!» деген – дәл осы. Мұндай сөз тілімізде біршама. Ал оның зыйаны қаншама? Тілдің «Білгенге – маржан, білмеске – арзан» болатынын Абай атамыз байағыда-ақ айтып кеткен жоқ па? Тағы әрірек ендеп көрейік. Бұйрық ырайлы етістіктің дауыссыз дыбысқа айақталатын түрі тым-ақ көп: қон, жон, тоң, жат, сің, тат, бат, сүрт, жан, құмарт, сұуар+т, құуар+т, қыр, жұмыл+дыр, күл, жүр, күт, жой, қой, кел, біл, шерт, т.с.с.толып жатыр. Енді осыдан тұйық ырайлы етістікті қалай жасап жүрміз? Оған орыс тілінен қалап алған дауыс­ты «у» дыбысын қоса салсақ, болғаны екен: қон+у, жон+у, күл+у, жү+ру, күи+у, т.с.с. Көрдіңіз бе, сөз де дійктатұраға бағынып, «ғалымдар» қалай бұйырса, солай жазылады. Ал егер қазақ тілінің өз заңына салсақ, «күліу», «біліу» деп жазылыуы дұрыс еді. Себебі дауыссыз дыбыс дербес бұуын ­жасай алмайды, ал қазақ тілінде «у» – тек дауыссыз. Сондықтан қазақ ғалымдары қазақтың «у» әрібін де дауысты дыбысты­ білдіретін орыстың «у» дыбысына зорлықпен айналдырды, ол үшін оған қазақ тілінің «ы», «і», «ұ» секілді ең өнімді дауысты дыбыстарын қосарлап берді де, оны «ықшамдау заңы» деп жарыйалай салды. Қыйыспайтынды қыйыстырыу деп осыны айтады. Қандай кереғарлық десеңізші?! Бір жағынан орыс тілінің «ю», «я», «ё», «щ» секілді екі әріпті ықшамдаған әріптерін әліпбійімізден алып тастап отырсақ, екінші жағынан төрт әріптің орнына ықшамдалған бір ғана «и» және «у» әрібін сақтап қалып отырмыз. «Ы» мен «і» және «ұ»-ны орыс әріптерінің шылауына беріп, өз қызметінің біраз бөлігін соларға арқалатқанда, қазақ тілі не ұтты? Нені ықшамдады? Сегіз сері: «Шолпандай таң алдында жалғыз тұ – ұ – ұуған» деп созса, «Таңбасы жоқ, ені жоқ Бұ – ұ – урлтайдың» деп, Біржан бабамыз да дауыссыз «у»-ды емес, дауысты «ұ»-ны созып шырқаған; «Кі – і – іймесем, жеңді бешпет, сән болмайды» деп, «Оралдан ән оздырған» Мұхыйт ­бабамыз «и»-ді емес, «і»-ні созған. «Қы – ы – йыуадан қы – ыйысқан Ғалыйажан» деп, Балуан Шолақ бабамыз да «и»-ді емес, «ы»-ны созған жоқ па? «Асыққаннан ті – і – іймейді өкшем жерге» деп, халқымыз да «и»-ді емес, «і»-ні созып әндеткен. «Таң атқанда гүл бағын сұ – ұ – ұарамын» демеуші ме еді Жамақайев та. Соның бәріне көз жұмып, өз сөзіміздің ­тамырына өзіміз балта шапқанда не ұтпақпыз? Нені ықшамдамақпыз? Ал егер, тіл табыйғатының қағый­дасына келсек, етістіктің тұйық ырайын­ тек «у» дыбысы емес, «ыу», «іу», «ұу» қосымшалары жасайды екен ғой. Олар сөзімізде естіліп тұрғанмен, «Не­гізгі ереженің» «ықшамдауына» қайшы келетіндіктен, біз оны айтпаймыз да, жазбаймыз да. Міне, мәселенің түбінде осындай-осындай «ықшамдалған» мақсаттар жатыр. ­Дыбыстарды зорлықпен өзгерткен соң, ережені де өзгертіп отырмыз. Ал енді «төк», «сөк», «ек», «теп», «жақ», «шақ», «тық», «сық», «соқ» секілді (дауыссызға айақталған) бұйрық ырайдан тұйық ырай тудырғанда, неге «төку», «сөку», «еку» демей, «төгу», «сөгу», «егу» деп жазамыз? Қазақ тіліндегі ­дауыссыз «у» дыбысы өзінен бұрынғы қатаң дауыссызға қалай әсер етеді? Әрійне, оған әсер етіп жұмсартып тұрған ­дауыссыз «у» дыбысы емес, айтылғанмен, жазылмай қалған «і» мен «ы» дауысты қосымшалары. Үндестік заңының әсе­ріне сәйкес, «ы» мен «і» өзінен бұрынғы қатаң дауыссыздарды жұмсартып, ұйаң дыбысқа айналдырып тұр. Сондықтан өз тіліміздің табыйғатына сай мұндай тұйық ырайлы сөздерді біз «төгіу», «сөгіу», «сығыу», «тығыу», «тебіу», «жағыу» деп, айтылыуы мен жазылыуын бірдей етіуге тійіс едік. Сонда дыбыстардың үндестік заңы сақталар еді. «Кү+уә+лік» деудің орнына «куәлік» деп жазып, естілетін, бірақ жазылмаған «ү» дыбыстының қызметін соған беріп, «у» әрібін жіңішке дауысты дыбыс етіп жүрміз. Шын мәнінде, «у» әрібі арамтамақтың қызметін атқарып тұр. Мұндай сөз тілімізде біраз ғана: гү – уіл – дек (гуілдек), ү – уіл – деу (уілдеу), әл – жү – уәз, ә – жү – уә, Ә – мүу, гә – күу. «У» әрібі өзінің табыйғатына сай дауыссыз болып тұрса, ол сөз де құлаққа қазақы естіледі. Мысалы: уә – зір, уә – де, уәж, т.с.с. Бұл әріптің де қос сөз жасауын байқап көрейік. «Сұп-суық» деп ­жазамыз, ал егер «ұ» өз қызметін дұрыс атқарып тұрса, неге «сұп-сұ-уық» болмайды? Егерде «у» әрібі дұрыс дыбысталып тұрса, онда қос сөз неге «суп-суық» болып айтылмайды? «Тұп-тұу-ра», «құп-құу», «ұп-ұу-ақ» сөздерінің де ­жазылыу жағдайы сондай. Меніңше, осы мысалдардан-ақ бір «у»-дың тілімізге қаншама ұу сеуіп жатқанын шамалайтын кісі шамалай алады. Піредлог, суффійкіс арқылы сөз бен сөзі байланысатын тілдің ережесін жалғамалы (аглюнативті) тілге әкеп зорлау кәзірдің өзінде сөйлеу мәнерімізді бұзып бітті. Біз сөйлегенде, дауыс екпініміз бен ырғағымыз өзінің ұлттық үнінен бірте-бірте алыстап ­барады, оны радыйо мен теледыйдардағы іні-қарындастарымыздың сөзінен-ақ күн сайын сезіп, естіп отырмыз, кәзір Ахаң мақтаған әуезді қазақ тілі өз қалпын бірте-бірте жойып келеді. Оған алдымен тіл ғалымдары кінәлі. Орыстың «и» әрібі қазақтың «ы» мен «й», «і» мен «й» тәрізді төрт әрібін; «у» әрібі «ұ» мен «ы» және «і» мен «ү» әрібін ықшамдап жұтып қойса, бүтін деп жүрген тіліміздің қаншалық жарымжан, кемтар екенін шамалай беріңіз.

Ғалымдар орыс тілінің ережесін қазақ тіліне теліп, тілімізді соған бағындырып отыр. Жалғамалы тілдің дыбыстарын ықшамдасақ, сөз түсінікті қалпын сақтайды, мағынасы да өзгермейді, бірақ тілдің ғасырлар бойы жасалған, қалыптасқан табыйғаты бұзылады. Былайша айтқанда, оның әуезділігі, әуенділігі жойылып, басқаша айтылып, басқаша жазылатын болады. Бұл ереже – тілдің ұлттық табыйғатын, үндестігін бұзатын басты «құмалақтың» бірі. Ол – тіліміздің ұлттық сыйпатын бірте-бірте жойатын, ақырында тіліміздің айтылыуын да, жазылыуын да басқа тілдің ықпалына түсіретін, соған ійкемдейтін жегі құрт тәрізді тәсіл.

Тіліміздің табыйғый құрылысын сақтап, өз тілімізде жоқ «и» әрібінен бас тартсақ, ережеміз де, сөзіміз де өз орнына жараса кетеді. Нанбасаңыз салыс­тырып қараңыз: са+йа, қы+йа («қи+я» да, қи+йа да емес), мә+йек, жі+йек («жи+ек» емес), да+йын, қы+йын («қи+ын» емес) ме+йіз, кі+йіз («ки+із» емес), қа+йық, қы+йық («қи+ық» емес), кү+йік, кі+йік («ки+ік» емес), а+йыр, сы+йыр («си+ыр емес), т.с.с. Тұлғасы ұқсас дыбыстар мен бұуындарының үндесіуі де бірдей сөздерді біргелкі жазбай, әртүрлі жазыуымызды түзейтін кез келген жоқ па? «У» әрібімен тек дауыссыз дыбысты белгілеп, төл тіліміздің табыйғатын сақтасақ, одан сөз де, тіл де, ереже де – ештеме де ақсамайды, қайта сөзіміз де, бұуынымыз да өзінің табыйғый арнасын табады. Мысалы: да+уа, а+уа, жұ+уа («жу+а» емес), құ+уа (қу +а емес). Біргелкі айтылып, біргелкі жазылыуға тійіс сөздердің әр қыйлы болып кеткені осы мысалдардан-ақ көрініп тұр. Табыйғый тұрқы бұзылған мұндай сөздер толып жатыр: «та – уық», «сұ – уық» («су+ық» емес), «жа – уыр», «сұ – уыр» («су – ыр» емес), қа – уын, жұ – уын («жу – ын» емес), ба – уыр, т.с.с. «Кеңес Одағының болашақ ортақ тілі – орыс тілі. Ол біздің екінші ана тіліміз» дейтін дәуір басымыздан өтпеді ме? Соған ыңғайлаған ережелерден, дағдылардан, әдеттерден өзіміз құтылмасақ, кім құтқарады? Жоғарыдағыдай дыбысталыуы мен бұуынға бөлініуі бірдей сөздерді зорлықпен үндеспейтіндей етіуден құтылатын кез дәл осы әліпбійді өзгерту кезі емес пе? Елдің ертеңі үшін, тілдің болашағы үшін бар ғұмырын сарп етіп жүрген ғалымдар осы сәтті неге пайдаланбайды? Кеңес өкіметі кезінде қызметіміз де, жақсы жалақымыз да, үй-күйіміз де – бәрі болды. Бірақ дербес ұлт болыуды, сол үшін қазақ тілінің тәуелсіз тіл болыуын­ аңсадық. Қашанғы аңсай береміз? Қәзір біз «уыз» деп жазып жүрміз, оны «у+ыз» деп бұуынға бөлеміз, «у» да, «ы» да дауысты дыбыс, бірақ екеуі қатар келіп тұр. Ал «а+уыз» десек, «а» да дауысты, сонда үш дауысты дыбыс қатар келе ме? Қазақ сөзінде екі дауысты ­дыбыс қатар келмейді деп айтқан Байтұрсынов, сірә, қазақ тілін онша білмейтін адам ­болыу керек? Ерден мен Нұргелді о кісінің білмейтінін қалай ғажап түзеткен?! «А – уыз», «жа – уыз» дегендегі бір бұуын «уыз» дегенде жеке сөз ­болып тұр. Бұл бір сөз ғана болса, бір сәрі, толып жатыр ғой. Мысалы, «уыс» дейміз. Жеке сөз. «У» да, «ы» да дауысты.­ «Та+уыс», «са+уыс», «тұ+уыс», «құ+уыс» деп жазыудың дұрыс екені осыдан да көрініп тұрған жоқ па? Бірақ біз «ту+ыс», «қу+ыс» деп, бір етікке екі айақты тығып жүрміз. «Уық» дейміз. Жеке сөз. «Та+уық», «жұ+уық», «ма+уық», «са+уық» дегенде бір бұуын ғана. «Уыт» дейміз. Жеке сөз. «Са+уыт», «алпа+уыт», «Айма+уыт» дегенде бір бұуын ғана. «У» дейміз. Жеке сөз. «Жа+мау», «қа+мау», «са+бау» дегенде тек бір бұуын ғана. Дұрысы «ұу» болыу керек еді. «Уақ» дейміз. «Қа+уақ», «арұ+уақ», «шұ+уақ» десек, тек бір бұуын. «Уат» дейміз. Жеке сөз. «Са+уат», «сала+уат» дегенде, бір бұуын ғана. Бұлардан басқа да «ұ» дыбысын жұтып алып, соның арқасында дауысты дыбыс болып, қаншама қазақ сөзін «у» әрібінің орыстанып тұрғанын ойлап та жүрген жоқпыз.

(Жалғасы келесі санда)

3170 рет

көрсетілді

9

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы