• Мәдениет
  • 22 Қаңтар, 2020

Алтын Орда және Қазақ мемлекеті

Алматы қаласындағы №4 кітапханада Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына арналған «Алтын Орда – қазақ мемлекетінің ­алтын бесігі» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Кеш барысында экраннан ­арнайы дайындалған «Алтын Орда – 750 жыл» атты слайд-презентация, «Қазақ хандығы – Алтын Орда мұрагері» атты деректі фильм көрсетіліп, ­«Алтын Орда – қазақ мемлекетінің бастауы» атты дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Кешке «Өнер» баспасының ­директоры Ә.Көпішев, «Ақиқат» журналының бас редакторы А.Әлімұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инс­ти­тутының бас ғылыми қызметкері, тарих ­ғы­лы­мының докторы А.Кәрімұлы, қаламгер-журналист М.Құлкенов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторант­ А.Дүйсенбайқызы, М.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инсти­тутының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымының кандидаты Т.Еділбайұлы арнайы қонақ ретінде шақырылды. Алматы полиграфия колледжінің, Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің сту­денттері мен ұстаздары, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінің оқушылары мен ұстаздары, №67 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары мен ұстаз­дары қатысқан кеште қонақтар мен оқыр­ман Алтын Орда дәуіріндегі қазақ елінің айбынды ғұмырнама ­тарихы, салт-дәстүрі, Ұлы даланың ұлы тұлғалары мен Алтын Орданың бүгінгі мұрагері Мәңгілік қазақ елі ­ту­ралы ой бөлісіп, рухани азық ­сыйлады. Кеш соңында А.Жұбанов атын­дағы дарынды балаларға арналған музыка­ мектебінің өнерпаздары Әрсен Тұрсын «Ақсақ құлан» күйін, Құндыз Серікова «Ақ бұлақ» әнін, Найла Досан мен Әзиза Маханбетжанова «Туған жер» әнін тарту етіп, көпшіліктің көзайымына айналды.

Аяулым Жидебаева

708 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы