• Тіл
  • 30 Қаңтар, 2020

Чехияда Абай орталығы ашылды

Биыл ұлы Абайдың 175 жылдық ­мерейтойына орай елімізде ғана емес, бірқатар шет мемлекеттерде де іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл қазақ ойшылының шығармашылық мұрасын әлемдік деңгейде насихаттап, дәріптеуге бағытталып отыр. Жуырда Чехия елінен сүйінішті хабар жеткенін айта кетейік. Прага қаласында Абайға арналған мәдени-ақпарат орталығы ашылыпты. Енді Еуропа тұрғындары хәкімнің мұрасымен кеңірек танысуға зор мүмкіндік алады. Аталған жобаны Қазақстан ұлттық академиялық кітапханасы Чехия ұлттық кітапханасымен бірлесе жүзеге ­асырыпты. Орталықтың тұсаукесеріне зиялы қауым өкілдері қатысты. Чехия ұлттық кітапханасының дирек­торы­ Мартин Касандо өз пікірін ­былай деп жеткізді: «Қазақстан мен Чехия бір-біріне алыс орналасқан. Азаматтарымыз Қазақстанды аса жақсы білмейді. Абай орталығы чехтарға Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті және ұлы жазушы Абаймен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Осындай шараны ұйымдастыру біз үшін үлкен абырой». ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Мұналбаеваның ­айтуынша, орталықта Абай өмірінің түрлі кезеңдері: балалық шағы, жас кезі және шығармашылықпен айналысқан кезіне қатысты деректер ұсынылған екен. Сонымен қатар мұнда көптеген суреттер де қойылған. Жаңа басылымдармен қатар сирек кездесетін көне даналарды да кездестіруге болады. Сондай-ақ Абайдың қара сөздерін үш тілде тыңдауға болады.

Диана ІЗБАСАР

1885 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы