• Ақпарат
  • 04 Ақпан, 2020

Желаевта 40 жыл күткен бала бақша ашылды

Орал қаласына қарасты елдімекендердегі балабақша мәселесі туралы бұрын да сөз қозғаған болатынбыз. Қала іргесіндегі 2 мыңнан аса тұрғыны бар Желаев ауылы да бүгінге дейін мектеп ішіндегі шағын орталықты қанағат етіп келген. Желаев тұрғындары осы балабақшаны 40 жыл күтіпті. Бұған дейін әкімдердің халықпен кездесуінде айтылған аманат ақыры орындалды. Ауылдан арнайы ғимарат таңдалып, үш ай ішінде толық жөндеуден өткен. Коммуникация желілері тартылып, мектепке дейінгі мекемеге қажетті барлық құралмен жабдықталған ғимаратқа енді 2 жастан жоғары бүлдіршіндер қабылданатын болды. Мұнда ойыналаңдары, демалыс бөлмелері, акт залы, спорт залы, әдістемелік кабинет, медициналық қызмет бөлмесі, изолятор, тамақ пісіретін орын – бәрі бар. - Биыл қала бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын кеңейтуді қолға алып отырмыз. Яғни, қазіргі уақытта бос тұрған, пайдаланылмай жатқан ғимараттарды халық игілігіне бейімдеу бағытындағы жұмыстар жалғасады. Қаламызда осындай бірнеше балабақша ашылады. Жақында орталықтан бұрын балабақша болған, кейін басқа мақсатта пайдаланылған ғимаратты қайтадан бейімдеп, жеке инвестицияны тарту арқылы 280 орындық балабақша ашуды көздеп отырмыз. Мұның барлығы мемлекеттің қолдауымен, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін заманға сай тәлім-тәрбие, сапа білім беру үшін жүзеге асырылып жатыр. Құрметті ата-аналар, бұрын балаларыңызды мектепке апарып жүрдіңіздер, енді міне, бүлдіршіндерге арналған балабақша бөлек ғимаратқа ие болды. Бұл балабақша үлкен тәрбие орталығына айналып, осы жерден түлеп шыққан бүлдіршіндеріміз елдің бетке ұстар азаматтары болуына тілектеспін! – деді ауылдықтардың қуанышын бөліскен Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков. Бүгінде Орал қаласында мектепке дейінгі ұйымдарда 15 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Жалпы облыс орталығында мектепке дейінгі 135 ұйым болса, оның 50-і – мемлекеттік, 50-і – жекеменшік, ал қалғаны шағын орталық ретінде жұмыс істеп тұр.  Батыс Қазақстан облысы

1296 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
Келесі мақала Көкейтескен көкейтесті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №39

24 Қыркүйек, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор