• Білім және ғылым
  • 06 Ақпан, 2020

Өзіңді-өзің тану – керек іс

Алматыдағы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Өзін-өзі тану» пәнінен қалалық әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Бұл шара Білім және ғылым министрлігінің «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің аясында жүзеге асты.

Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде алға қойылып отырған негізгі мақсаттың бірі – қоғамға пайдасын тигізетін, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болатын, адами қасиеттері жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Адам жүрегі махаббат пен сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер өне бойынан көрініс табатыны хақ. Демек, оқушыларды патриоттыққа тәрбиелей отырып, білімге құштарлығын, сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ оқушылардың тұлғалық рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына, олардың жалпыадамзаттық құнды­лықтардың маңыздылығын ұғынып өмірде қолдануға, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға, өзін-өзі дамытуға бағыттау – маңызды мәселе. Осы айтылған құндылықтар семинар тақырыбына арқау болды. Жиынға Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша әдіскері Зульфира Бибалиновамен бірге «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді дамуы институтының ғылыми қызметкерлері, қала мектеп­терінде аталған пәнді оқытатын мұғалімдер қатысты. Мектеп директоры Ш.Иманбекованың кіріспе сөзінде оқу орнының тарихымен, ұжымның білім берудегі жетістіктерімен таныстырып, барлық қатысушыларға алғысын жеткізді. Әрі қарай жұмыстар семинарлық бағдарлама бойынша жалғасын тапты. «Өзін-өзі» тану пәнінің мұғалімдері сабақтар жүргізді. Атап айтқанда, Р.Сейдахметова ­«Салауатты отбасы», Қ.Әтшібай «Отбасы – бақыт мекені», Л.Қаймолдина «Махаббат – өмір нәрі» тақырыбында сабақ өткізді. «Абайтану» үйірмесінің жетекшілері – А.Мустафаева, Г.Сейілбекова және Г.Рысымбетова Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Қазақ поэзиясының күншуағы» атты сыныптан тыс шараға қатысты. Семинарға қатысушылар пән мұғалімі М.Әділбайдың коучинг-сабағын тыңдады. Әдіскер З.Бибалинова семинар барысында ұстаз­дармен кері байланыс орнатты. Шара мектеп директоры­ оқу ісі жөніндегі орынбасарларының түйін сөзімен қорытындыланды.

Шолпан ҚАПСАЛАНОВА, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

1974 рет

көрсетілді

296

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы