• Ақпарат
  • 12 Ақпан, 2020

Мұқаба түрлері

Біздің алдымызда кітап жатыр. Ең ­алдымен оның мұқабасы көзімізге түседі. Оның қатты да, жұмсақ та болуы мүмкін. Жұмсақ мұқаба жай қағаздан жасалады. Ежелгі кезде мұқабалар сыртына алтын жалатқан сафиян былғарыдан жасалады екен. Өте құнды кітаптардың мұқабасы металл тиекшелермен бекітіліпті. Кейбіреуінің бұрыш-бұрышы беріктік үшін әлгіндей металл тақташалармен көмкеріліпті. Осы заманғы кітаптарда кейде мұқабаның сыртына сурет салынып, шығарманың, автордың аты-жөні жазылған қағазқап кигізіледі, ол суперқап деп аталады. Енді кітапты ашып көрейік. Сол жақта – мұқабаның ішкі жағы, оң жақта – кітаптың бірінші беті. Бір-бірмен жалғасып тұтас жатқан осы екі парақ форзац аталады. Дәл осындай форзац кітаптың аяқ жағында да болады. Оған сурет салынуы да мүмкін, сурет салынбай бос жатуы да ықтимал. Тағы да бір бетті ашып көрейік. Сол жағында – фронтиспис, оң қол жағында – титул. Бұл не деген сөз? ­Фронтиспис – кітаптың ең басты мазмұнын ашатын сурет. Оның орнына кейде жазушының өз портреті берілуі мүмкін. Ал титулге кітаптың аты, қай баспада басылғаны көрсетіледі.

Нұрлан ҚҰМАР

1904 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы