• Қоғам
  • 12 Ақпан, 2020

Жарқын істердің жаршысы

Қазіргі әкімдердің бірден-бір міндеті: адамдарды еңбекке жұмылдыру, табыс көзі саналатын жаңалықтарды барынша насихаттау, жақсы істің жолын ашу, жер  байлығымызды экологиялық жағынан қауіпсіз, экономикалық жағынан ­ысырапсыз игеруге ұмтылдыру, пайдалы іске үгіттеу. Бір сөзбен айтқанда, жарқын істердің жаршысы болу. 

Ендеше, елді артына ерткен әкімнің де, көпті аузына қаратқан ақынның да бағасын халық береді. Бірақ мына бір ақиқаттан аттап өте алмаймыз. Ол не дейсіз ғой. «Өзгелердің өнеріне, жасампаздығына құрметпен қарамау – барып тұрған іштарлық пен сана -сезімнің таяздығын аңғартады» депті бір дана кісі. Ендеше, жағымды ісімен, нанымды сөзімен, көпке ­танымал Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев туралы мақтауды мақсат тұтпай, асыра сілтеп адаспай, ақиқатың айтсақ, бірінші кезекте әкімге емес, адамға деген құрметіміз болар еді. Жамантай Қанайұлы ­1992 ­жылдан бері әкімдік қазанында қайнап піскен, қалың көптің назары түскен қажырлы, қарапайым қызметкер. Ірілендірілген Мақтаарал ауданы қақ жарылып Жетісай ауданы жеке отау тіккенде Жамантай Қанайұлы әкім болып тағайындалған. Аудан әкімінің орынбасары, ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы, қала әкімі, ­облыс әкімінің кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарған, билік сатыларынан сүрінбей өткен Ж.Бейсенбаев аудан басшылығына келгенде қалың жұртшылық дұрыс таңдау жасалғанын қуанышпен қарсы алған. Сенім үдесінен шығатынына титтей де күмән келтірмеген. Жамантай Қанайұлы Жетісай топырағының түлегі. Әкімнің бүгінгі таңдағы қадамына баға беру үшін өткен жылдың қорытынды нәтижесіне көз тігіп, сандарды сөйлетіп көрейік. 2019 жылы Жетісай аудан бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 91,1 млрд теңгені құраған. Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнім көлемі 7,6 млрд теңге. Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 14 875 -ке жетіп, оларда 21,2 мың адам жұмыспен қамтылып, 41 657 млн теңгенің өнімі өндірілген. Ауылшаруашылығы жалпы өнім көлемі 59 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 3,5 млрд теңгеге артқан. Ауданда 2019 жылы 30 000 тонна дәнді және бұршақты дақыл, 125 000 тонна мақта, 556 000 тонна көкөніс және бақша дақылдары, 8 000 тонна жеміс-жидек және жүзім жиналған. 70 гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы енгізілген. 2.07 гектар жерге жылыжай ­нысандары салынған. Ауызсу саласы бойынша 2019 жылы 3 нысанның құрылысын жүргізуге 823 млн теңге қаралған ­болса, 2020 жылы оннан астам елді ­мекен толықтай ауызсумен қамтылады. Ауданда 70 жалпы орта мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептер жоқ. 2019 жылы сметалық құны 10 млрд астам теңгені құрайтын 11 ныса­нның (9 мектеп, 2 тұрғын үй) құры­лысы жүргізілді. Қай саланы алсаңыз да өсіп-өркендеу бар, өткен жыл­мен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Байқа­ғанымыздай, берекелі біткен іс көп, ал алда атқарылатын шаруа шаш-етектен. Елдің бірлігі мен татулығына, ынтымағы мен достығына сызат түсірмеу әкімнің бірінші кезектегі абыройлы міндеті. Аудан әкімі қашанда елді мазалайтын мәселелерді ұдайы көтеріп, жоғарыда отырған мәртебелі мырзалардың, қабырғалы қайраткерлердің құлағына құюмен-ақ келеді. Айталық, аудандағы егістік жерлердің құнарлылығы кеміп, топырақтың тұздануы мен сорлануы апатты жағдайдың аз-ақ алдында тұр. Тұзданған топырақ мақта өнімділігін тұралатып тастайды. Осының салдарынан мақташы диқандардың еңбегі еш, тұзы сор болып жатады. Одан құтылудың бір-ақ жолы бар: жерасты су деңгейін төмен түсіретін ­дренаждар үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. Тұрғындарды сапалы таза ауызсумен қамтамасыз ету жақын ­жылдарда күн тәртібінен түсе қоймайтын тәрізді. «Жомарттың қолын жоқтық ­байлайды» демекші, бәріне қолбайлау болатын қаржы мәселесін шешіп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, шыр-пыр болып жүрген Жамантай Қанайұлының жанайқайын түсінуге болады. Альбер Камю: «Патша біткен­нің пешенесіне жазылғаны – жақсылық жасау мен өз ­атына айтылған ғайбаттауларға төзу» депті. Сол айтпақшы, аудан әкімі, «Нұр Отан партиясы» Жетісай аудандық филиалының төрағасы Жамантай Қанайұлы абыройлы міндетін адал атқарып, жеткен жерде жығылмай, толған кезде төгілмей, «ақ ­алтынды» аймақты алға сүйреп, әманда ­жасампаз, жарқын, істердің жаршысы болып жүре беретініне сенім мол.

Махамбет САПАРМҰРАТОВ, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы, Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Түркістан облысы Жетісай ауданы

962 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы