• Руханият
  • 13 Ақпан, 2020

БИЛЕР СОТЫНДАҒЫ СӨЗ БИЛІГІ

Қазіргі қоғамда ғылыми таным айтарлықтай өзгерістердің жетегіне ілінуде. Ғылымның қоғамдағы орны өзгеріп, оның қоғамдық сананың басқа формаларымен өзара қатынасы да өзгеруде.  Қоғамдық болмыстың алға қарай өрістеуі қоғамдық сананың алдына жаңа мәселе қойды, не дәстүрлі, бұрынғы мәселені қайтадан ой елегінен өткізуді талап етуде. Әсіресе, адам өмірінің мағынасы, адамның жеке тағдырының әлеуметтік тарихпен байланысы, кеңістіктегі адам өмірі мен орны деген мәселелер маңызды.

Адамның түсінігі сыртқы ортаның өзгерісіне сай өзгеріп отырады. Субъек­тивті идеяда табан тіреп тұра алмайтын дүниелердің көп болатыны содан. Бұл жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін М.Фуко мәдениет зерттеуде тілді зерттеуді – сөйлеу мен қалай сөйлеуді қамтыған «сөз билігін» зерттеуді басты орынға қою керек деп пайымдайды. «Сөйлей білу» батыстың ұзақтан ұзаққа созылып жатқан ой тарихы мен идеологиясының, сонымен қатар басқа да қоғамдық сипаттамасының іргетасын қалау барысы есептеледі. Батыстың ғылым, философия, дін, заңының бәрі уақыт ағысында толысқан, «қалай сөйлеу керек?» деген сауалға берген жауабы­ немесе «сөз билігі» ­деген мәселенің нақты бейнелеуі ғана. Ол үстемдікке болған таласта үздіксіз ­шайылып, керексіз қалдығынан айырылып, түрлі білім саласына сабақталады. Адам тіл мен сөйлеу арқылы білімді меңгеріп, билікке ұмтылады, содан барып «сөйлеу – білім – билік» сынды үш бәйтеректей берік одақ қалыптасады. Нақышына келтіріп сөйлей білудің өзі билікке бір табан жақындау деген сөз. Сөздің қалыптасу барысында екшеленіп, ненің қалып, ненің жоға­латынына да қайта айналып сол билік кесім жасайтын болады. Жұрттың біліп тұрса да көзі бақырайып тұрып жалған сөзге мойынсұнатыны содан. «Сөз билігі» пайымдамасында М.Фуко «Кім қандай сөздерді айтты, оны қалай айтып білім мен ақиқатқа айналдырып биліктің тұғырына шықты» деген бір ауыз сөзге тұрақтандыруға болады» дейді. Тарихтың дерекке жүгінетіні белгілі. Шаң басқан архивтерден тауып жатқан деректердегі жазулардың өзі төрешіге айналғанын байқаймыз. Бұл төреші біреуді мәдениетті десе, соған ілесіп «ол мәдениетті болатын» деп, мәдениетсіз десе, соған ілесіп «жабайы болатын» деген пікір айтылып жатады. Мысалы, үйсіндер мен ғұндар бір-біріне «ата жау болатын» деп жазылып кетті де, ғасырлар бойы бірге жасап келген халықты бір-біріне қарсы дұшпан етіп тарихты ­жазып тастадық. Сонда деректер жалған сөздерден тұрғанына қарамастан құнды білім екенін көрсетеді. Билігі бар қолдан шыққан білім аунап түсіп, тағы бір билігі бар қолға ауысқан тұста, кешегі биліктің қолымен жазылған сандырақтар да бір құбылып, «сөз билігіне» ие болып шығатыны, өкінішке қарай, уақыт заңдылығы. Ғалымдардың көпшілігі билер соты көшпелі мәдениеттің қойнауында қалыптасты деген пікірге келеді. Билер сотын өркениетке жеткен халықтар мойындап, оған қызыға қараған. Әділет соты, әділ би деп танылған ­билер сотында­ бостандық, шыншылдық, халықтық рух басым болған. Ар-ождан, сөз бостандығы жоғары рухани мәдениеттің категориялары болып саналды. Қазақтың санасына бұл «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деп енген. Осы түсінік негізінде адамдардың ерекше категориясы ретінде бұл мұраттарды жүзеге асыратын билердің әлеуметтік тобы туралы пайымдама жатыр. «Би» ұғымы түріктің «бег» (бек, бей) сөзінен шыққан дәстүрлі титул. Қазақ қоғамында «би» титулы мәртебелі болды, ол мұрагерлікке берілген жоқ. Билерді тағайындаған жоқ, сайлады. Бұл дала демократиясының көрінісі. Би болу, түрлі пікір-таласқа араласу, өзінің шешендігін, «Мен» деген тұлғасын бекемдеу, халық сотында жеңіске жету, сот болып, әділ түрде істі аяқтау игілікті іс болды және ол биді қоғамда даңққа бөледі. Би болу оңай іс болған жоқ. Оған үміткер адамды­ ақсақалдар, елдің басқа да данасы белгілеп, оған сүйеу болды. Ал халық мойындаған кезде би дәрежесіне жетті. Билерге мына талаптар қойылды: әдет құқық нормаларының бүге-шігесіне дейін білу, шешендік қабілетінің болуы, әділ болуы. Әділетсіз адамға ешкім үміт артпаған, онымен ақылдаспаған. Осындай талаптарға сай адам іс жүзінде өзінің біліктілігін көрсетіп, қандай да бір дауға қатысуы керек. Сот ісін әділ жүргізіп, қара қылды қақ жарған төрелігін айтқан биді әлеуметтік тегіне, жасына қарамастан халық мойындаған. Қазақтың «Өнер алды – қызыл тіл» дегені сөз билігінің, сөз құдіретінің қасиетін білдіріп тұрғаны деп ойлаймыз. Жеке адамға баға бергенде «Сөзді аттап өтпеген» деген. Қазақ сөзге тоқтай білген, сөз – қазақ үшін заң болған. Осы жерде тағы да Мишель Фукоға назар аударсақ, ол «Білім-Билік» ­деген жаңа тіркесті жаңғыртқан. Ол ­Сократ заманынан бергі жалғасқан ой ­тарихына үңіле отырып, «сөз тізгінін қолға алу арқылы билікке жету» екенін ­немесе сөйлеу кезінде білімді тұлғалар шығаратын ерекшелігін пайдаланып, білімді өз уыстарынан шығармау арқылы билікке жетіп, үстемдік құру екенін ашты. Фуконың сөз билігі ұстанымында билік те керек, ол билікті уысынан шығармайтын білім де керек. Енді Фуконың өзі туралы қысқаша мәлімет берейік. Мише́ль Поль Фуко́ (фр. Michel Foucault, 1926 ж. Пуатьеде­ туған, 1984 ж. 25 маусымда Парижде­ қайтыс болған). Философ, Коллеж­ де Франста ойлау жүйесі тарихы­ кафедрасының меңгерушісі болған. Оның еңбектері гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардың дамуына ұйытқы болды. Фуконың зерттеу нысанына ­қа­рағанда Франкфурт мектебіне жақын болғанын байқауға болады. Фуконың өзі бұл жөнінде былай деп жазған: «Егер Франкфурт мектебі жөнінде уақытында білсем, онда мен көптеген жұмыстан құтылған болар едім. ...жолдың көбін Франкфурт мектебі ашқан». Фуко өз еңбектерінде көптеген қоғамдық ­институттарды, әсіресе, психология, медицина, түрме жүйесін сынаған. Билік және билік пен білімнің өзара қатынасы туралы зерттеулері үлкен абыройға ие болып, іс жүзінде қолданылған. ХХ ғасырдың 60-жылдары Фуконы­ структуралистер қатарына қосса, қазіргі сыншылар оны постмодернистер қатарына қосуда. Қазақ даласында сот билігін ­билер жүргізді десек, өзінің қоғамдағы жағдайына қарай билер ру басшысы, ханның не сұлтанның кеңесшісі, т.б. әкімшілік, дипломатия, әскери-саяси істермен айналысуға құқылы болды. Қазақ билерінде билік қолда болды­ ма? Олардың қолында сот ісі болды. Қазақ қоғамы бір ғана қазақ тілді болғандықтан, сөз құдіретін білді, қазақ даналығы санасына, идеясына сіңген болатын, сондықтан билердің сөз билігіне бағынды, қатесін мойындады,­ қылмысын да мойындап, билердің шешіміне бас иді. Адамды қатесіне қарай жазалай да білу керек. Билер әділ жазалай отырып, қазақ қоғамының кілтін ұстады. Сонымен қатар қазақ қоғамында Құранға білім мен адамгершіліктің кәусар бұлағы жиналған кітап деп қараған. Ислам діні пайғамбарларының көпшілігі жай адам болған жоқ. Олар мемлекеттің саяси-экономикалық жағдайын түсінген, қоғам қайраткерлері еді. Сондықтан Құран алдында­ ант беру әділдікті, имандылықты ­жо­ғары ұстанғандығын дәлелдесе, ­Қа­зақстанда мұндай соттардың шыншыл­ болғанын дәлелдейді. Кезінде Шоқан Уәлихановтың өзі қазақ билері, жалпы­ қазақтың халық сотында пара алу дегенді білмегенін парақорлық пен парықсыздық деген нәрсе орыс­­тық жүйемен келгенін тілге тиек еткен ­болатын. Ант берудің нұсқалары өте көп: ­1) ант берушіні мазарды айнала жүргізген; 2) төбешікке шығып, қарсы жақты ант ­беруге шақырған да, «мен сенің жаныңды аламын» деген сөзді айтқан, яғни ант берген және таяқпен ұра бастаған. 3) әр жақтан бір адамнан қару-жарағымен, найза, қылышымен шығатын. Егер біреу қашса, дұрыс деп есептемеген; 4) тіпті пышақты жалап, «Мені құдай ұрсын, нан немесе Құран ұрсын» деп айтқан. Әулиеата уезінде ант берушінің сотқа келуінің өзі және оның ауылдасы не туысы үшін ант ­беруге дайын­ екені ант қабылдау есебінде болған. Небір қылмысы болса да, жан беруде әділдікті талап еткен. Әділетсіз іс үшін ант бергеннің абыройын түсірген. Кейде билер де істі жан беруге дейін апармаған, екі жақтың өзара түсінісіп, келісімге келуіне икемденген. Егер ­жауапкер арыз берушінің әділдігін теріске шығармаса, алайда өзі керек болса, онда би «бұл дауын кеш, екі жақ құшақтасып, дос бол» деген. Егер екі жақтың біреуінде ұл, екін­шісінде қыз болса, онда «достықтың түбін құдай айырады» деп шешкен. Көп жағдайда екі жақтың мәмілеге келуі ұрлық ісіне байланысты болған. Билер сотының жариялылықпен өтуі оның ерекшелігін дәлелдейді. Сот ашық түрде өтті. Екі жақ та биді сот деп қабылдағанның өзінде ол қоғамдағы сыйлы адамдарды, басқа билерді шақырған. Мұның өзі абырой әкелді. Қазақ әдет құқығында жабық мәжіліс деген болған жоқ. Ашық екен деп, кім не сөйлегісі келсе, соны сөйлеп, ұзақ айтыс-тартыс болмаған. Негізгі тізгінді сот жүргізіп отырған би ұстап, кеңесіп, әділ үкімін шығарған. Мұхаммед Хайдардың мемлекет­ басқару ісіндегі мына шартты ұсынғанына назар аударайық. ­«Патша халықты риза ету үшін кемінде әлсіздік байқатпауға және алдамауға тиіс. Кез келген адамды риза ету үшін хақ (шындық) және шариғатқа қарсы іс ­жасамауы керек және мынаны білуі тиіс: билік етудің ерекшелігі ұдайы елдің жартысы әкіміне риза бола бермейді, өйткені жауласушы жақты хаққа риза ету де және жалпы халықтың әділ әкімге риза болуы да мүмкін емес. Сон­дық­тан патша риясыз да әділ үкім берер кезде халықтың ашу-ызасын ойламайды, хақ тағаланың ризалығын көздейді» . Демек, үкім әлсіз болмауы керек, халықты алдамауы қажет. Әлсіз үкім патшаға разы еместерге де ұнамайды, олар одан басшының әлсіздігін көреді. Гуманистік принцип, білімді ­гуманитарландыру қазіргі ғылыми ойлаудың маңызды нормативі болуда. Гуманитарлық білім қоғамда маңызды болуы үшін бұл тенденцияны алдыңғы қатарлы ғылыми мәселені шешкенде еске алу қажет. Ол адам іс-әрекетінің мақсаты, құралы, ұйымдасуы. Бұл ереженің маңызы бүгінгі жағдаймен күшейді. Гуманизм идеялары тарихы аз болмаса да, осы идеялар жүзеге асатын қоғам болашақтың ісі. Тарихтан белгілі, мемлекет болу үшін туыстық қауымдастықтан азаматтық қауымдастыққа өту қажет. Белгілі бір мемлекет болғанда сол мемлекеттің азаматы деген атқа ие болады. Сөйтіп, туыстық санадан жоғары мемлекеттік сана, яғни азаматтық сана қалыптасады. Мемлекетте өмір сүріп жатқан халықты біріктіретін күш-қуат болу керек, жаңа пассионарлық энергия қажет болды, оның аты – азаматтық. Қазақтың сайын даласында ­мемлекет құрып, билік басына келген топ азаматтық санамен ­айналыс­ты.­ Мемлекеттің күші оның ғылымы мен білімінде. Қазіргі кезде кейбір шетелдіктер дүниежүзіндегі мықты мемлекеттердің тарихын зерттегенде, бұл мемлекет қалай мықты болды деген сауалға жауапты оның ғылым деңгейінің жоғары болғандығынан екеніне көз жеткізуде. Ұлы Абай «ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін» екенін айта отырып, «білім-ғылымды кө­бей­туге екі қару адамның ішінде: бірі – мұлахаза (ойласу, пікір алысу), екінші – мұхафаза (сақтау, қорғау)». Осы екеуін күшейтуге барлық күшті жұмсау керектігін айтқан. Жалпы қазақ қоғамында «сөз сүйек­тен өтеді» дегендей, сөзге тоқтаған. Бұл хал­қымыздың даналығы деп түсінеміз. «Сөйлейді де, қояды» деген ұғым бол­маған. Кез келген тоқтамға жүгініп, одан қорытынды жасаған. Өзіне-өзі есеп бере білген. Кеудемсоққа салынбаған, ­мақ­танбаған. Бүкіл ел сыйлаған билердің өзі дарақыға салынбаған. Алдына келген адамды тыңдай білген. Осылайша, қазақ қоғамында сөз билігі орын алып, билік дертке шалынбаған. Билік өз қамын ғана ойласа, басқаның мүддесі аяқ асты болып, билік өзіне ғана тиімді үкімді шығара береді. Сол кезде наразылықтар көбейетіні белгілі. Қазақ қоғамында сөз билігі қазақ тілінде болды. Ал бүгінгі қазақ тілі «сөз билігі» ұстанымына сай ма? Өзіне тиісті билікті қолға алмай, сөз билігін өзгеге ұстатып қоюдың аяғы неге әкеп соғатыны белгілі. Осы бағытта да билер сотының маңызы зор болған.

Факия ШАМШИДЕНОВА, тарих ғылымының кандидаты

883 рет

көрсетілді

2

пікір
Алдыңғы мақала АБАЙДЫ ТҮСІНІП ОҚУДЫҢ ӨЗІ ТАЛАНТ
Келесі мақала Абай ата аманаты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

johnan

08 Қазан, 2020

KH9mcc http://pills2sale.com/ viagra cialis

Hildegarde

12 Қараша, 2020

advance america cash advance payday loan cash advance online payday loan bad credit home loans personal loans

ANA TILI №48

26 Қараша, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор