• Білім және ғылым
  • 20 Ақпан, 2020

Қылқалам шеберімен кездесу

Алматыдағы Қазақстан ­Жазушылары кітапханасында белгілі суретші, Абай ­атын­дағы Қазақ Ұлттық педагогикалық ­уни­верси­тетінің Өнер, мәдениет және спорт инс­ти­­тутының ­директоры, педагогика ғылым­ының кандидаты, Жамбыл Жабаев атындағы, Мұқағали Мақатаев атындағы ха­лық­аралық сыйлықтардың ­лауреаты Тоққожа Қожа­ғұловтың жастармен кездесуі ұйым­дастырылды. Аталған шара Абай Құнанбайұлы­ның 175 жылдығына ­орайластырылды. «Абай жаққан сәуленің сөнбесі үшін...» деп аталған тағылымды кештің мәні зор болды. Қылқалам шебері жастарды ­сурет өнерінің қыр-сырымен таныстырды. Тоққожа Мұқажанұлы жүздесуге өз туындыларын ала келіп, әрқайсы­сының тарихына тоқталды. Олардың ішінде Абайға, Жамбылға, Мұқағалиға, Бердібекке, Баққожаға, Сағатқа арналған суреттері бар. Оқушылар мен студенттер өздерінің қызыққан сауалдарына жауап алды. Шара соңында Өнер, мәдениет және спорт институты директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Еркін Қайшыбек қатысушыларға алғысын білдірді. Ақын өлеңін оқыды. Кітап­хана меңгерушісі Елена Жамелқызы қылқалам шеберіне «Мировая ­живопись» кітабын тарту етті.

Айбол АБАШОВ

941 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы