• Қоғам
  • 20 Ақпан, 2020

Тәрбие басы – отбасы

Қазіргі кезеңде елімізде қазақстандық қоғамды дамыту, аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу ісіне азаматтық секторды тартуға ерекше көңіл бөлініп отыр. «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» қалыптасуы да қатардағы азаматтардың белсенділігіне байланысты екені белгілі. 

Осындай белсенді қоғамдық ұйымдардың бірі – «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігі. Аталмыш ұйым жуырда «Желтоқсаншылар және бүгінгі қоғам» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынға қоғамдық бірлестіктің мүшелері, облыстық және аудандық бөлімшелердің басшылары қатысты. Отырысты ашқан «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ төрағасы Болат Құрымбаев ұйымның алға қойған мақсаттарымен және желтоқсаншылардың жарғылық міндеттерімен ­таныстырып өтті. Төраға өз сөзінде бірлестіктің атқарған істеріне шолу жасап, ұйымның қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерге лайықты үн қосып отырғанын жеткізді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, философ Әбдірашит Бәкірұлы «Желтоқсан ақиқаты» мен атқарушы органдар арасындағы қатынастың сипатына тоқталып, бірлестіктің егемендікті нығайту мақсатындағы стратегиялық міндеттерін атап көрсетті. «Қазіргі кезде әрбір желтоқсаншы өз парызын анық ұғынып, жастарға үлгі ­болатындай жұмыс жүргізуі керек. Қоғам өміріне белсене араласып, тәлімдік-тәрбиелік бағытта жұмыс істеуге, жақын болашақта келе жатқан ақсақалдық кезеңге дайын болуы тиіс» деді ол. Келесі кезекте сөз алған ақын Ізтілеу ­Тойшыбаев желтоқсаншыларға арнап Алматы облысының бірқатар елді мекендерінде ескерткіш қою жөніндегі нақты атқарылған істер туралы баяндады. Желтоқсаншы Жұмабай Тәжібаев «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының Ардагерлер кеңесі, Ауған соғысы ардагерлері сияқты қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеудегі тәжірибесімен бөлісті.

Дина ИМАМБАЕВА

1178 рет

көрсетілді

56

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы