• Ақпарат
  • 20 Ақпан, 2020

АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Президент қазақстандық масс-медианы қолдауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Кездесу барысында Президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, аза­маттық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жас­тардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ диаспоралық және діни саясат бағы­тында жоспарланған шаралар туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Еріктілер жылының» тиімді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көрсетудің нақты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Мемлекет басшысы «халық үніне құлақ ­асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға ­аза­маттық қоғамды тартудың, «Ашық Үкімет» ­қағи­даттарын дамытудың маңызы зор екенін айтты.

2921 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы