• Білім және ғылым
  • 27 Ақпан, 2020

Жақсының жақсылығын айт...

Біздің Орталық Мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ­басшысы Баян Амантайқызы қазақтың қарапайым қызы. Ол ақкөңіл, ­ортасына сыйлы, ашық, қиналған жандарға қол ұшын беруге дайын, өмірдің қиындықтарын қайраттылығымен жеңіп келе жатқан жан. Бір айта кетерлігі, Баян Амантайқызының ­архив саласында жұмыс істеуі жайдан-жай емес. 

Әкесі Амантай Жұматайұлының ізбасары, еңбек ­жолын жалғастырушысы десек болады. Екі жасынан бастап әкесінің жетегінде жүріп архив табалдырығын аттап, бойжетіп, ес білгесін жұмыстың қыр-сырына қаныққан бала Баянның бұл жұмысқа деген қызығушылығы оянып, болашақта мамандық таңдауы да қиынға соқпады. Талғамы жоғары жас 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы ­бойынша оқып, тарихшы мамандығын алып шықты. Архив те тарихпен ұштасқандықтан еңбек жолын осы архив саласына арнап, 25 жыл көлемінде еңбек етіп келеді. 1987 жылы Орталық мемлекеттік архивінде хатшы-машинист қызметін атқарды. Кейіннен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері, аталған бөлімнің ІІ санатты архивис, құжаттарды жариялау бөлімінің ІІ санатты архивисті болып 1993 жылға дейін еңбек етті. Одан кейін ұйымдастыру бөлімінде І санатты, жоғары санатты архивист маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарды. 2010 жылдың желтоқсан айынан архив басшысының орынбасары, 2018 жылдан архив басшысының міндетін атқарушы және осы жылы архив басшысы лауазымына тағайындалды. Өткен жылы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің 45 жылдығын жоғары деңгейде өткіздік. Осында Б.Жұматаеваның редакторлығымен шыққан ­«Алматы қаласындағы мәдени нысандарды жоспарлаудың» атты жинақтың таныстырылымы болды. көрсетілген бейнефильм, құжаттық көрме де жиналғандар көңілінен шықты. Наурыз мейрамының қарсаңында Баян Амантайқызының басшылығымен мекемеміз көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету республикалық қайырымдылық акциясына қатысып, Алматы қаласында тұратын көп балалы отбасыларына: Сатқымбековтарға, Ихсанғалиевтарға және Сибагатовтарға азық-түлік себеттері дайындалып, сыйға тартылды. Архивтің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында «Жадымыздан өше бастаған және жаңа туған есімдерді ғылымның сан тараулы саласынан іздестіру. Қазақстан: 1960-2000 жж.» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция 2018 жылдың 5 сәуірінде архив саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының бірінші отырысында бекітілген ресейлік және қазақстандық архивистердің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді. Соңғы жылдары Қазақстан халқының жасампаз қызметінде ғылым мен техниканың тарихы, инженерлік-техникалық ғылым зиялыларының рөлі зерттеушілер назарынан тыс қалып жүр. Сондықтан да ұйымдастырушылар, конференцияны дәл осындай тақырыпта өткізе отырып, алынған ақпараттармен ақтаңдақтарды толтыруды мақсатқа қойды. Бұл жұмыс қазіргі «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын және «Архив – 2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тұрғысында елеулі орын алады. Бізде семинар-кеңестер, ардагерлермен кездесулер өткізу дәстүрге айналған. Ұжымды ауызбірлікпен, ұйыған сүттей ұстау да басшыға байланысты. Жас архивистер қатарын көбейтіп, оларды еңбек жолына бейімдеп, бағыт-бағдар көрсетуде атқарып жүрген істері қомақты. Өзінің мейірімділігімен, кеңпейілдігімен төңірегіне ұнайды. Көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге әрдайым дайын тұратындығы да көпке үлгі. Қажырлы еңбегінің арқасында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, биылғы өткен Қазақстан Республикасы салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы кеңесінде «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Әлі де алар асулары, бағындырар биіктері бар осындай ақкөңіл жанға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының бақытын, ізбасарларының биіктен көрінуіне, толағай табыс­тар мен еңбегінің жемісті болуын тілейміз!

Олжас ҚҰЛЫМБАЙ

1008 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы