• Тіл
  • 05 Наурыз, 2020

ТІЛ ТАҒДЫРЫ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ ҰЛАҒАТЫ

Түрколог-ғалым, академик Шора Сарыбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай Ұлттық кітапханада «Қайнар» академиясының ұйымдастыруымен «Академик Ш.Сарыбаев тағылымы: тіл тағдыры және ұлт ұлағаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел модераторы, ҰҒА коррес­пондент-мүшесі, профессор Кәрімбек Құрманәлиев болды. Дөңгелек үстелді кіріспе сөзбен ашқан «Қайнар» академиясының ­ректоры, профессор Еренғайып Омаров отандық тіл ғылымының халықаралық деңгейде танылуына, түркі дүниесінде өзіндік орын ­алуына еңбек сіңірген Ш.Сарыбаевтың ­тағылымдық-­танымдық еңбектері мен ғибратты ғұ­мырын ұрпаққа үлгі-өнеге ету мен насихаттаудың маңыздылығына тоқ­талды. Халық­аралық Түркі ­акаде­миясының пре­зиденті, профессор Дархан Қыдырәлі әлемдік түрко­логияда тіліміздің өзіндік орнын алуға өлшеусіз үлес қосқан академик Ш.Сарыбаевтың ұлағаты туралы ­айтты. Шора Сарыбаев диалектология мен тіл білімінің тарихы ­бойынша ғылыми еңбектер жазған ғалым. Кәрімбек Құрманәлиев Шора ­Сары­баевтың қазақ тілінің байлығын жинауда жүйелі түрде диалектологиялық экспедиция ұйым­дастырып, әріптес ғалымдармен бірлесе жүріп, ел аузынан сөз бай­лығын жинауға басшылық еткенін әңгімесіне арқау етті. Ғалымның 80 баспа табақ «Қазақ тілінің аймақтық сөздігінің» жарық көруі тіл біліміне қосылған сүбелі үлес десек, академик Сарыбаевтың қазақ тілі ­жайында өткен ғасыр мен қазіргі кезге дейін жарық көрген еңбектерінің 6 томдықпен жарық көруі – қазақ тіл білімі тарихына қосылған қомақты еңбек» деді ол. Терминдерді реттеудің теориялық және әдістемелік қағидаттарын «Академик Ш.Сарыбаев және тер­миноло­гияның өзекті мәселелері» баяндамасында айтқан профессор ­Шерубай Құрманбайұлы қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамытудың ең басты жолының бірі – оны ғылым мен техника тілі ретінде одан әрі дамыта түсу және салалық терминологиялық сөздіктерді жасауды бір жүйеге түсіру, ретке келтіру мен жетілдіру керегін айта келе, салалық терминдерді реттеудің теориялық және әдістемелік негіздеріне, сондай-ақ ғалымның спорт терминдерін зерттеудегі рөліне айрықша тоқталды. Дөңгелек үстел барысында академик Ш.Сарыбаевтың ғылыми шығармашылығы, ұстаздық ұлағаты, тіл тағдырына араласуы, кісілік келбеті, қоғамдық қайраткерлігі және ұлт мүддесіне қызметі жөнінде ҰҒА академиктері мен корреспондент-мүшелері Бақтияр Сманов, Фаузия Оразбаева, Зейнеп Базарбаева және жоғары оқу орындарының профессорлары, филология ғылымының докторлары Дандай Ысқақұлы, Жаңалық Балтабаева, Ғарифолла Әнес, Қалбике Есенова, Алтынай ­Тымболова, Майра Сарыбай, Алтыншаш Құрманәлі, Гүлнар Мұхаммедқалиева, Әнипа Мұхтарова пікір білдірді. ­Сондай-ақ «Қайнар» академиясының профессор-оқытушылары, студент­тері мен магистранттары да қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Н.БАТЫР Суретті түсірген: Азамат Құсайынов

1344 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы