• Басты мақалалар
  • 19 Наурыз, 2020

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ АНТЫНА АДАЛ БОЛЫҢЫЗДАР!

«Ана тілі» газетінің ұжымына!

Еліміздің ақпараттық кеңістігінде өз орны бар «Ана тілі» газетінің жарық көре бас­тағанына 30 жыл толу мерейтойымен, осы басылымның тұрақты оқырманы ретінде шын жүректен құттықтаймын. Тағдырлы өткелдерден аман өткен ана тіліміздің жай-күйі осы бір басылымның оқыр­манға жол тартуына себеп болды. Ұлттық арман-аңсармен қол жеткізген тәуел­­сіздіктен бергі уақытта «Ана тілі» газеті оқырманының қасынан табылды, биік мұраттарға жетеледі, абыройлы ағарту­шылық міндет­ті адал атқара білді. Мемлекеттік тілдің айырықша рөлін ­бұ­қараға түсіндіріп, насихаттауда «Ана тілі» қайыспас қара нардың жүгін көтеріп келеді. Тіл – тарихпен, мәдениетпен, әдебиет­пен, қоғамдағы өзге де салалармен ты­ғыз бай­ланысты. Мұны газет бетінде жарық көріп жүрген толғамды материалдар айғақтайды. Қазақта «орда бұзар – отыз жас» деген сөз бар. Демек, руханият мәселелерін жан-жақты кө­теріп жүрген басылым – шы­ғар­ма­шы­лық­тың нағыз шабытты ша­ғында. Олай болса, газет ұжымы алдағы уа­­қытта да еліміздің игілігі үшін табыс­ты еңбек етіп, оқырман көңілінен шығар ойлы дүниелерімен қуанта беретініне сенім мол. Ұлттық баспасөздің қарлығаш­тарының бірі саналатын «Қазақ» газетінің антына адал болыңыздар!

1561 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы