• Әдебиет
  • 30 Сәуір, 2020

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Мәжіліс депутаты: Президент мәлімдемесі үміт сыйлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мәлімдемесі елдегі жағдайды толық талдағаннан кейін, жағдайдың қандай екенін білгеннен соң жасалып отырған өте өзекті мәлімдеме деп ойлаймын. Өйткені қазіргі жағдай ешкімге де оңай соғып отырған жоқ. Көп азаматтар үйде отыр, көпшілігінің жұмысы тоқтап тұр. Осындай тығырықтан шығатын жолды осы мәлімдемеден көруге болады.

Әсіресе денсаулық сақтау жүйесін реформалау туралы дұрыс айтылған. Яғни жақында тиісті шешімдер қабылданады деген сөз. Сонымен бірге, кәсіпкерлікті қолдауға байланысты да бірқатар жұмыстар атқарылатын болады. Коронавирус жұқпалы ауруын ары қарай да таралуына тоқтау қою үшін бірқатар шараларды да қарастыру көзделіп отыр. Президентіміздің өзі «коронавирусқа жеңіл-желпі қарауға болмайды, бәрінен бір сәтте бас тартатын болсақ, онда қайта өршіп кетуі мүмкін» деді. Сондықтан да Төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созғаны өте орынды, өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Дегенмен, кәсіпорындардың жұмыс істеуіне, азаматтардың жұмыс орындарына оралуына біртіндеп жағдай жасалып жатыр. Сондықтан бұл әр адамның өзіне де байланысты. Біз бұл мәселеге өте тиянақпен қарауымыз керек. Келіп-кететін ауру емес, жұқпалы ауру болғандықтан әлі де болса сақтық шараларды жүргізуіміз керек деп ойлаймын. Мемлекет басшысы 11 мамырға дейін Үкімет пен Ұлттық банкке экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар дайындауды тапсырды. Жалпы экономикалық дағдарыс кезінде азаматтардың жағдайы зерделеніп, сонымен бірге кәсіпкерлердің жалпы қызметіне талдау жасалуы тиіс. Жұмыссыз қалған, аз қамтылған азаматтарға тиісті қолдау да, «Nur Otan» партиясының тарапынан көмек те көрсетіп жатыр. Елбасының бастамасымен құрылған «Biz birgemiz» қорына бірталай қомақты қаражат түсті. Өңірлердегі, көптеген ауыл-аудандардағы адамдар осы қордан тиісті көмегін алып жатыр. Біз мұны да айтуымыз керек. Осы орайда, Қазақстан халқына ризалығымызды, алғысымызды білдіруіміз керек. Мемлекет осы Төтенше жағдайды жариялағаннан кейін басым көпшілік осы жағдайды түсініп, жалпы сақтық шараларды бұзбай, Төтенше жағдайдың талабын орындап отыр. Біз заң шығару саласында өз тарапымыздан да осы жағдайды қалпына келтіруге тиісті заңнамаларымызды қайта қарап, оған өзгерістер енгізіп, қай жерде кемшіліктер болды, қандай заңдарды жақсартуымыз керек, қандай заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуіміз керек, міне, осы жағына талдау жасадық. Жалпы жұмыстар жүріп жатыр. Енді кәсіпорындар, мемлекеттік органдар қалыпқа келіп, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы ары қарай жалғасады. Осындай мемлекеттік органдар жұмыс істегеннен кейін, көп ұзамай бәрі қалыпқа келеді деп ойлаймын. Ең бастысы, «Береке басы бірлікте» деп Мемлекет басышысы айтқандай, ең бастысы Қазақстан халқының береке-бірлігі болса, қалған жұмыстың бәрін жеңеміз, бәрін қалпына келтіреміз деп ойлаймын.

726 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы