• Білім және ғылым
  • 07 Мамыр, 2020

Заман талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзіне таралған індетті жеңіп шығу үшін ­сабыр мен төзім керек екенін айтты. Елдегі төтенше жағдай білім беру мекемелері үшін сынақтан өтудің, әрі осы бағыттағы жетістіктерді көрсетудің жақсы мүмкіндігі болары сөзсіз. Алматы қаласы Білім басқармасының «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия қашықтан оқытуды талапқа сай ұйымдастырып отырған оқу ордаларының бірі. Гимназиямызда төтенше жағдайға дейін де ақпараттық-қатынастық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін кеңінен қолданып, білім алушылар сандық білім беру ресурстарын пайдалануға дағдыланған. Гимназия­мызда әр кабинет интербелсенді тақтамен және оған қажетті оқыту ресурстарымен жабдықталған. Педагогтардың басым бөлігі жоғары санатты, тәжірибелі педагогтар. Төртінші тоқсанның басынан қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқыту жөніндегі нұсқау келе салысымен, біздің ұжым бірден іске кірісті. Гимназия директоры Гаухар Манекееваның басшылығымен, ең алдымен, педагогтарға нұсқаулық беруден бастап, қашықтан оқытудың барлық талаптары мен жұмысты ұйымдастыру түрлері белгіленді. Педагогтар қашықтан білім беру технологияларында қолданылатын бар мүмкіндіктерді тиімді пайлануда. Атап айтқанда: бейнедәріс, дәріс, мультимедиалық дәріс, телевизиялық дәріс, өзіндік жұмыстар, виртуалды зертханалық практикумдар, компьютерлік тестілеу жүйелері. Гимназиямызда бүгінгі күні «Цифрлық мектеп» эксперименті нәтижесінде электрондық ресурстар базасы жинақталған. Осы электрондық оқулықтар мен мультимедиалық оқу бағдарламаларын, тренажерлар мен жобалық жұмыстарды педагогтар оқу үрдісінде еркін қолданады. Педагогтар электрондық журналдарда және күнделіктерде күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды реттеп, оқу материалдарын уақытылы жоспарлай алды. Педагогтардың білім алушылармен тілдесуі мен кері байланысы — электрондық хат, хабарлама, чаттар арқылы, ал консультациялар жеке немесе топтық бейнебайланыс түрінде телекоммуникациялық құралдардың көмегімен жүзеге асырылып жатыр. Барлық жұмыстар Кundelik.kz, Daryn.online, Bilimland, ­сондай-ақ WhatsApp, Telegram каналдары арқылы атқарылады. Жаңа форматта жүргізілетін жұмыс түрлері міндетті түрде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен келісіледі. Жоспарланған жұмыс түрлері туралы кез келген ақпарат білім алушылар мен ата-аналарға электрондық журналдар мен күнделіктер арқылы дер кезінде жеткізіледі. Гимназиямыздың тәжірибелі педагогы, бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Жатақбаева: «Ата-аналар балаларымен бірге сабақ оқу барысында білім берудің қиындығын түсінді. Өз балаларын жаңа қырдан көріп, балаларының мүмкіндіктеріне көздерін жеткізді. Ұстаздың мойнында қанша үлкен жауапкершілік пен еңбек тұрғанына көздері жете бастады» дейді. Ал Әсем Нұрақынқызы: «Заманға сай жаңашыл әдістің керегін қолданып жүрген әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Оқушылар өздігінен білім алуға дағдыланғаны байқалады, білім сапасы орнықты деңгейде тұр деп есептеймін» деген пікірде. Қашықтан оқыту мен тәрбиелеу – сынып жетекшілеріне де, оқушылар мен ата-аналарға да таңсық, жаңа тәжірибе. «Ата-ана – мұғалім – оқушы» атты үштік арасындағы байланыс тіптен нығая түсті. Дарынды балалармен жұмыс төтенше жағдай кезінде де жалғасады. Төтенше жағдай аяқталып, бетпердесіз, шәкірттерімізге офлайн режимінде білім беріп, елімізге саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеудегі жұмысымызды алаңсыз жалғастырсақ деп тілейміз. С.БИЖАНОВА, «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

902 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы