• Білім және ғылым
  • 14 Мамыр, 2020

Жаңа мүмкіндіктер жолы

Қашықтан оқыту арқылы білім берудің соңғы күндері, қорытындылау аптасы қалды. Қашықтан оқытудың тиімділігі де, пайдалы жақтары да байқала бастады. Ата-ана мен мұғалім арасында тығыз байланыс орнады. Қашықтан оқыту арқылы оқушылар жаңа технологияны меңгеріп әр түрлі сайттарға кіріп, пән олимпиадалары мен сайыстарға онлайн қатысуда. Мұны оқушылардың өз-өзін тәрбиелеуіндегі, дамытуындағы жетістігі деп атап айтуға болады. Қашықтан оқу кезінде «Өнер әлемі» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Біз – бейбіт елдің ұланымыз» атты Республикалық білім мен өнер байқауына қатысып, біздің мектептің 11 «А» сынып оқушысы К.Сай, 9 «А» сынып оқушысы М.Белогрудова, 9 «Б» сынып оқушысы А.Драчук жүлделі орындарға ие болды. ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.кz сайты оқушылар мен мұғалімдер арасында ұйымдастырған, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен республикалық IV олимпиадада А.Турутин II дәрежелі, Л.Абзаловна I дәрежелі мақтау қағазымен, сонымен қатар әріптестерім Ә.Дүйсембековна, Б.Тәңірбергенқызы және Г.Қанатқызы дипломдармен марапатталды. Қашықтан оқу бәріміз үшін үлкен сын. Соған қарамастан онлайн жарыстар, олимпиадалар ұйымдастырып жатқан барлық орталықтарға алғыс айтамыз. Жаңа техналогияның қыр-сырына қаныққан әр мұғалім шеберлігін арттырып, оқушыға пайдалы білім беру жолында еңбек етіп жүр.

Ақтоты МАХАМАШОВА, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №11 ЖББ мектептің өзін-өзі тану пән мұғалімі

1126 рет

көрсетілді

37

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы