• Әдебиет
  • 14 Мамыр, 2020

МАЙДАНГЕР ЖОЛЫ

Алматы қаласы, Алатау ауданы, Өжет ықшамауданындағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, бүгінде 97 жасқа келіп, жеңістің 75 жылдығына аман-есен жетіп отырған Жұмаділ Абдігаметов атамыз майдан жолдарынан былайша сыр шертті: – 18 жаста едім, соғыс басталды, елдің бәріне шақырту келіп жатыр, маған жоқ. Жетісу әскери комиссариатына бардым, бойың кішкентай дейді. Ол кезде соғысқа бармау мен үшін ұят нәрсе, сосын екінші рет тағы сұранып бардым. Содан 1942 жылы желтоқсан айында Челябинск қаласына аттандық. Ол жерде әскери жаттығудан өтіп, №152 артиллерия бригадасына барлаушы болдым.1943 жылдың наурыз айынан бастап Ленинград қаласын қорғауға қатыстым. Волхов, Воронеж майдандарында ­болдым. Мамырда Берлинге кірдік. 1944 жылы Польша, Чехославакия, Австрия, Германия жеріндегі шайқастарға қатыстым. Біз Эльба өзенінен өткеннен кейін бір-бірімізді туған бауырлардай құшақтап, жеңіспен құттықтадық. Торгау қаласында және Севастопольде армиялық міндетімді атқарып, 1947 жылы сәуірде елге қайттым. Бүгінде 6 баламнан 19 немере, 22 шөбере көріп отырмын. Осы күндеріме шүкірлік айтамын. Еліміз тыныш болсын, жұртымыз аман болсын. Соғысқа өзі сұранып, аттанғанның өзі ерлік емес пе деп сүйсініп отырмын. Ата әлі тың, есту, көру қабілеттері жақсы, өзін ширақ ұстайды. Әдемі қартайған, тік жүреді. Қазіргі таңда кіші баласы мен келінінің қолында тұрады. Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші, үлкендеріміз арамызда аман болып, бақыт шуағына бөлене берейік.

Бақтықыз Тоқтасынова, ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері, ұстаз

1044 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы