• Әдебиет
  • 21 Мамыр, 2020

Халықаралық талаптарға сай

Асхат Садырбай, «Team Qazaqstan» жастар қозғалысының жетекшісі:

Осы аптада Сенатта «Бейбіт жиын ұйымдастыру және өткізу туралы» Заң жобасы талқыланып, қоғам наразылығын тудырған бірнеше баптар бойынша талдау, сараптаудан соң қабылданды. Біз осы талқылауға қатысқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Team Qazaqstan» жастар қозғалысының жетекшісі Асхат Садырбайға хабарласып, пікірін білген едік.

– Мұндай заң елімізде алғаш 1995 жылы қабылданған болатын. Ал бұл жолғы заң жобасында қоғам наразылығын тудырған бірнеше бап болды. Мәселен, онда журналистердің бейбіт шерулер туралы хабар таратуына қатысты бірқатар түсініксіз жайттар мен шектеулер болған. Негізінде журналистердің құқықтары жөнінде «БАҚ туралы» Заңда кеңінен жазылған. Мына заң жобасында сол заңға қайшы келетін баптар ­болды. Міне, талқылауда ондай баптар алып тасталып, түзетілді. Одан кейін тағы дау тудырған бап бейбіт шеруге қатысатын адам санына байланысты болатын. Бұл бап та қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысынан соң өзгертілді. Сонымен қатар заң жобасында «бейбіт жиынды өткізу туралы жергілікті биліктің рұқсатын алу керек» деген тармақ бар еді. Ол «Рұқсат алмай-ақ, ескерту жасаса да болады» деп өзгертілді. Сондай-ақ бейбіт шеруді қала ортасындағы көшелерде өткізуге де құқық берілді. Қысқасы, бұл заң жобасы халықаралық талаптарға толық сай келеді. Ендігі жерде еліміз азаматтарының бейбіт шеруге қатысу мәдениеті қалыптасады. Бұл демократиялық қоғам құру үшін өте маңызды фактор. Заң жобасын талқылау барысында шетелдік сарапшылар да қатысты. Қорыта айтқанда, бұл заң жобасы еліміздің демократия үрдістерін қабылдай бастағанының бір көрінісі десек болады.

Жазып алған: Н.Хан-ТӘҢІРІ

464 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы