• Білім және ғылым
  • 17 Маусым, 2020

Қайырым мен мейірім

Ерте заманнан адамдар мұқтаж жандарға көмектесуге тырысты. Қара нанды бөліп жеді, жетім баланы жылату үлкен күнә деп есептеді. Біздің қоғамда мейірім мен қайырым, өкінішке қарай, азайып бара жатқандай көрінеді деп есептейтіндер көп. Мүмкіндігі шектеулі адамдар, көмек қажет ететін аз қамтамасыз етілген жандар мен қарттар, қарапайым ғана мейірімге, жылы сөзге зар болған адамдар барын байқамайтын немесе байқағысы келмейтіндер бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Жер бетінде мейірімді жандар азайып кеткен шығар, алайда олар бар. Осыны ұмытпайық. Мәселен, 2020 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультетінің 2 курс студенттері, «Қайырымды қоғам» жобасының негізінде, Алматы қаласында тұратын аз қамтамасыз етілген көп ­балалы отбасыларға барып, әлеуметтік көмек көрсетіп қайтқанын айтқымыз келеді. Бұл мақтаныш емес. Осындай мейірімді жандардың бар екенін әрқайсымыз айта жүрсек, әлем мейірімге бөленер деген ізгі ойдан туған жазба.

А.Арын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

А.Жәнібеков, PhD, доцент

1583 рет

көрсетілді

209

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы