• Руханият
  • 18 Маусым, 2020

«АБАЙДЫҢ АҚЫН ҰЛДАРЫ»

Биыл елімізде және шетелдерде қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы атап өтілуде. Осы ­айтулы оқиғаға орай республикамыздың Ұлттық кітапханасының ұжымы «Абайдың ақын ұлдары» атты, көлемі 37,4 баспа табақ кітапты жарыққа шығарды. Ол өзінің аты айтып тұрғандай, хакім Абайдың дарынды ұрпақтарына арналған. Кітапқа ақынның ұлдары Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл мен немересі Әубәкір Ақылбайұлының көркем ­туындылары және олардың өмірі мен шығармашылықтары ­туралы зерттеулер, эсселер мен мақалалар топтастырылған. Жинақтың алтын арқауы – ғұлама Мұхтар Әуезов, көрнекті абайтанушы-ғалым Қайым Мұхамедханұлының еңбектері. «Абайдың ақын ұлдарын» оқырманға таныстыруға ұйытқы болып, идея берген тұлға – мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, абайтанушы Мұхтар ­Құл-Мұхаммед. Кітаптың жалпы редакциясын басқарған Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ­директоры, Қазақстандық кітапханалық одақтың төрағасы Бақытжамал Оспанова. Ал оның құрастырушысы – Ұлттық кітапхананың ғылыми хатшысы, Қазақстан ­Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбеков. Осының алдында Ұлттық кітапхана ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына ­арнап Б.Жүнісбековтің «Абай сәулесі» атты зерттеулер мен мақалалар жинағын, көлемі 37,6 баспа табақ, басып шығарған еді. Абайдың ақын ұлдарының өлеңдері мен ­аудармаларын оқи отырып, ұлы ақын әрі ­данышпан әкенің өмір мен өнер мектебінің мәуелі жемісіне тамсанып, «өлсе де өлмегенге тең» зор өнегеге тәнті боламыз. Кітап әдебиетсүйер қауымның және барша жұртшылықтың қызығушылығын туғызады деп сенеміз.

С.БАЗАРБАЙ

1546 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы