• Тіл
  • 25 Маусым, 2020

ҰЛТ САЯСАТЫ ТІЛ САЯСАТЫНА АУЫССА

Тілден айырылсақ, ұлттық қасиетімізден айырыламыз. Барша тәрбиені бала бойына дарытатын баға жетпес құралымыз – тіл. Ұрпақ қамын ойласақ, бала құрсақта жатқанда ана тілімізді естуі керек. Жақында бір кітаптан америкалық ғалымдар жүргізген зерттеуін оқыдым. Жүкті әйелдің құрсағындағы 3-4 айлық шақалаққа ғылыми талдау жасап көріпті. Сонда жаңағы кішкентай шақалақ рок музыкадан кірпідей жиырылып, әлденеден қорыққандай бүрісіп қалады екен де, Моцартты ойнағанда бостандыққа шыққандай жазылып, рахаттанғандай кейіп байқатады екен. Қазақ тілінің тағдыры, баянды болашағы, бірінші кезекте, аналарға тікелей байланысты. Сол себепті де, «Қыз бала – ұлттың күре тамыры» деп бекер айтылмаған. Өкінішке қарай, қыздардың, жас келіншектер мен ересек әйелдердің, тіпті әжелердің басым көпшілігі балаларымен, немерелерімен орысша сөйлесуге дағдыланған. Бұлай кете берсек, ұлт ретінде сақталып қалуымыз екіталай. Осы орайда Оразақын Асқардың мына бір шумақтары еріксіз еске орала береді: Ойлан, қазақ! Ойлан, ойлан, көп ойлан, Ойсыз қалай бола қойсын қолайлы ән. Ана тілін білмейтін ұл, қызың көп, Немерең кім болып туар, соны ойлан! Қазаққа ұлттық артықшылық емес, керегі – теңдік. Ендеше, Ұлт саясаты Тіл саясатына ауысқаны жөн.

Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ

Нұр-Сұлтан

1004 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы