• Әдебиет
  • 02 Шілде, 2020

«ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ ЖӘНЕ ЖОШЫ ХАН»

Қазақстандық Steppe and World баспасында көрнекті ғалым, саясаткер, қоғам қайраткері Зардыхан Қинаятұлының «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» атты кітабы жарық көрді.

Тарихи-зерттеу жанрында жазыл­ған еңбекте Жошы ханның тегі, ба­лалық шағынан бастап қолбасшы, мемлекет қайраткері атанғанға дейінгі аралықтағы өмірі сөз болады. Автор моңғол, орыс, қытай, араб, парсы тіл­деріндегі, Еуропа мұрағаттарындағы көптеген көне құнды деректі негізге ала отырып, қазақ даласындағы мем­лекеттік үрдістің бастаулары, оның қа­лыптасуы, дамуы, жалпы қазақ мем­лекеті туралы соны пікірлер ұсынды. «Ғалымның айтулы еңбегінің дүйім жұрттың игілігіне айналуын оңды іс дей отырып, көкейкесті тақырыпты дер кезінде дөп басқан туындыны оқырман назарына ұсыну­ды парыз деп таптық. Қазақ елінің болашағы кемел, өскелең ұрпақтың рухы асқақ болуына осы тақылеттес еңбектердің берері арта түссін деген тілеуқор ниетпен көркемдеп тарту етіп отырмыз» деп атап өтті Steppe and World баспасының басшысы Райса Сайранқызы Қадір.

Әділет ТҰҚАН

1693 рет

көрсетілді

346

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы