• Ақпарат
  • 02 Шілде, 2020

Ұлттық парктердің жаңа келбеті

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі онлайн-форматта өткен тыңдаулардың қорытындысы бойынша Іле-Алатау ұлттық паркіндегі экотуризмді тұрақты дамыту жөніндегі жобаға қолдауын білдіріп, оң бағасын берді.  Жобаны оның бастамашысы – кәсіпкер және меценат Александр Гужавин таныстырды. Презентация барысында ол жобаның негізгі идеясы табиғатқа және оның байлықтарына ұқыпты қарауды көздейтін экотуризмнің жаңа заманауи мәдениетінің дамуына ықпал ету екенін атап өтті. 

Жобаға сәйкес, жалпы 200 мың гектар парк аумағынан жалпы ауданы 35 гектарды құрайтын 34 учаске бөлінген. Жоба аясында саябақтың ең танымал бес шатқалында 7 туристік визит-орталық құрылады. Орталықтар үлкен іргетас пен бетон қолданылмай, жеңіл экологиялық материалдардан тұрғызылмақ. Төрт жыл ішінде 155 шақырымнан аса жүргіншілер жолын құру жоспарлануда, жаңа жолдар, соның ішінде айналмалы маршруттар салынбақ. Этно-ауыл пайда болады, екі кемпинг (табиғаттағы уақытша шатырлы лагерьлер), он глэмпинг (қолайлылығы қарастырылған және қызмет көрсетілетін табиғаттағы уақытша лагерьлер) және бір караванинг (автожолдарда саяхатшылар үшін жабдықталған тұрақ) үшін алаңдар құрылады. А.Гужавин атап өткендей, парктегі учаскелер жалға емес, пайдалануға беріледі, жер мемлекет меншігінде қалады. Жоба шеңберінде күрделі құрылыс болмайды. Жобаға инвестор төрт жыл ішінде 12 млрд теңгеге дейін инвестиция құймақ, оның ішінде инвестордың меншікті, сондай-ақ қарызға алынатын қаражаты да бар. Бизнес-модель табысты америкалық тәжірибеге негізделген және гидтер мен нұсқаушылардың ақылы қызметтерін, мұражайдың, тамақтану пункттерінің қызметін, жабдықтарды жалға беру мен сувенирларды сатуды, сондай-ақ глэмпинг жұмысын (тамақтандыруы бар 2-5 адамдық жергілікті нөмірлерде тұру және түнеу) жүзеге асыруды көздейді. Тыңдауда сөз алған Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері жоба жалпы барлық заманауи талаптарға сай келетінін, отандық ұлттық парктерде туризмді ұйымдастыруды халықаралық стандарттарға жақындатуға қабі­летті екенін атап өтті. Жұртшылықтың тілегін ескеруге, кәсіби және ғылыми сарапшылар мен ұйымдарды тартуға шақырды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Е.Нысанбаев жобаның табиғатты қорғаудың барлық талаптарына сай екенін тілге тиек етті. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ө.Бисақаев аталған жоба қоғамның әлеуметтік сұранысына, ең алдымен ұлттық парктердің айналасында тұратын халықты жұмыспен қамтамасыз етуге себепші болатынын атап өтті. Жиын барысында биоалуантүрлілікті қорғау және ұлттық саябақтарға келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, карантин мен эпиде­мио­логиялық жағдайдың жаңа шындығын ескере отырып, ішкі туризмнің жаңа түрлерін дамыту мәселелері, қорықшылардың өмір сүру жағдайлары мен жұмысы туралы мәселелер де көтерілді. Онлайн-жиынды Алматы қаласы Қоғам­дық кеңесінің мүшесі Ерлан Смаилов қорытындылады. Ол бұл тақырып көптеген алматылықтарды толғандыратынына тоқталды. Белсенді демалудың жаңа мәдениетін қалыптастыруға деген қоғамның сұранысы бар екенін, экологиялық стандарттарды сақтай отырып белсенді серуенге, табиғатты зерттеу мен қорғауға көшу қажеттілігін тілге тиек етті. «Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі Іле-Алатау ұлттық паркіндегі экотуризмді тұрақты дамыту жобасын барлық ұсыныстарды ескере отырып, ашық, бейінді сарапшыларды тарту және жұртшылықпен диалог жағдайында қолдайды. Біз жобаны бақылайтын боламыз, оған сәттілік тілейміз! Барлық алматылықтарды осы қажетті жобаны жақсарту үшін үн қосуға, ұсыныстар беруге шақырамын» деп қорытындылады Е. Смаилов.

А.САДЫХАН

684 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы