• Білім және ғылым
  • 02 Шілде, 2020

Елбасы тәжірибесі таныстырылды

Тұңғыш Президенттің мерейтойына орай ҚР Конституциясының 25 жылдығын өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құры­лысындағы рөлі: Елбасы тәжірибесі» атты кітаптың онлайн-таныстырылымы өтті. 

Аталған кітап Тұңғыш Президенттің Негізгі Заңды дайындау мен іске асырудағы, еліміздің қазіргі саяси-құқықтық жүйесін құрудағы басты рөлі туралы баяндайды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов еліміздегі конституциялық құрылыстың тарихы қазіргі Қазақстанның және оның саяси-құқықтық жүйесінің негізін қалаушысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз байланысын айтты. Ал Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми 1995 жылы жаңа Конституцияны әзірлеу туралы шешім қабылдау еліміз Тұңғыш Президентінің батыл қадамдарының бірі болғанын атап өтті. «Биыл астана күні Тәуелсіз Қазақстан­ның және оның әсем елордасы­ның негізін қалаушы Тұңғыш Прези­дент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың мерейтойымен сәйкес келіп отыр. Сонымен қатар биыл Конституция­ның 25 жылдығы, Елорда мен Ата Заңның дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Конституцияны жазу, оны жүзеге асыру, елорданы әлемнің көрікті қалаларының біріне айналдыру процестері Елбасының тікелей басшылығымен жүзеге асты» деді Қайрат Мәми. Кітаптың таныстырылымына Конституциялық Кеңестің құрамы, Қазақстанның мемлекеттік құры­лымдарының басшылары, сондай-ақ белгілі отандық және шетелдік мемлекеттік және қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.

Индира СӘТІМ

811 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы