• Руханият
  • 09 Шілде, 2020

Өнер үшін ауыр қаза болды...

Дархан Дайырбектің бойында бір жақсы қасиет бар. Ол ешқашан ешкімнің сыртынан сөз айтпайды. Қазір көбіміз шежірені онша біле бермейміз. Ол шежіреге ден қойған үлкен азамат еді. Жүрегі кең еді. Мен Ұйғыр ауданында болған жағдайға барған кезде «Аға, ештеңе айтпасам да қа­сыңда қалқайып, бір жағыңнан көлеңкең болып тұрайыншы» деді, сол кезде бірге барып қайтып едік. Сол біздің соңғы сапарымыз екенін қайдан білейін... Тағы да бір хабарласып, «Мақсат деген бауырымызға көмек керек еді, соған барсақ» дейді. Барсам, өзі ауырып отыр екен. «Әй, айналайын, өзің ауырып отырсың, қайта берсеңші, мен барып, өзім кіріп шығамын» деп қайтарып жіберіп едім. Сол соңғы көруім болды. Ол өзі ауырып жүрсе де, өзгенің қамын ойлап жүрген азамат еді. Әрине, қимасымыз қабырғамызды сөгітіп кетті ғой. Амал бар ма?.. Жазмыш солай шығар... Алла өзі біледі кімді алады, кімді қояды... Бірақ қазір елімізде сондай жақсы адамдарды әкетіп жатыр... Шындығында да жақсы адам еді. Жақсы адам – қазір тапшы адам, Жақсысы аз қоғам – ақсаған. Түбінде жаңа заманды, Жасауы керек жақсы адам, – деген Ибрагим Иса ағаның өлеңі бар еді. Осындай заманда жақсы адамдардың кетіп жатқаны жүректі ауыр­тады. Қазақ үшін де, өнер үшінде ауыр қаза болды. Өнерге берілген жақсы азамат еді. Алла алдынан жарылқап, амал дәптерін оңынан берсін деп дұға еткеннен басқа амалымыз жоқ...

Бекжан ТҰРЫС

1215 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы