• Қоғам
  • 09 Шілде, 2020

АСТАНА КҮНІНЕ АЛМАТЫНЫҢ ТАРТУЫ

Астана күніне жыл сайын еліміздің әр аймағы әлеуметтік нысандар ашып, халыққа үй, пәтер сыйлап, әр түрлі тартулар жасайды. Бұл дәстүр биыл да жалғасын табуда. Сондай игі істердің бір тобы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы және тікелей бақылауымен жүзеге асты. Төменде соларға жеке-жеке тоқталамыз.

БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕПТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Астана күні қарсаңында Алматыда бала­ларға арналған музыкалық мектеп, мектептердің негізгі ғиматтарына жалғастырыла салынған қосымша нысандар және балабақша­лар пай­далануға бе­ріліп жатыр. Білім беру нысан­дарының құры­лы­сы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағын­таевтың тапсырмасы негізінде жүзеге асуда. Жалпы, елорда күніне орай Алматыда әлеу­меттік маңызы бар білім беру инфрақұрылы­мы­ның алты нысаны іске қосылды. Бүгінгі таңда Бостандық ауданында орналасқан екі мектепке дейінгі мекеме, жеке меншік балабақша және №191 балабақша пайдалануға берілді. Олар сәйкесінше 45 және 195 орынға шақталған. Ауданда 100 орынға есептелген № 45 балалар музыка мектебінің құрылысы да аяқталды. Сонымен қатар, Медеу ауданында да музыка мектебі салынып бітті. Алматыда қаланың барлық аудандарында оқушыларға арналған білім ордалары санын көбейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осылайша, №61 мектепке жалғастырыла салынған 450 орынға арналған оқу ғимараты мен №123 мектеп-гимназиясында оқу корпусын кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар №9 мектеп-интернатында сейсмикалық күшейту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, мегаполисте мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында қосымша сегіз жаңа мектеп пен 13 қосымша құрылыстардың салынып жатқанын, бұл орын тапшылығын 80 пайызға төмендетуге мүмкіндік беретіндігін атап өту керек. Осылайша, жаңа мектептер 18 мыңға жуық оқушы орнымен қамтамасыз етпек.

ЕМХАНАЛАР ХАЛЫҚҚА ҚОЛЖЕТІМДІ

Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағ­дай­ды тұрақтандыру мақсатында қала әкімші­лігі тарапынан тұрғындарға жақын маңда орналасқан медициналық қызмет көрсету бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі – «МИПО» медициналық орталығы. Онда 100 қаралушыға арналған медициналық кабинеттер жұмыс істесе, жатып емделушілерге 40 төсек орны бар. Орталықта әр түрлі мамандықтар бойынша 80 медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың емделушілерге сапалы қызмет көрсетуіне қажетті жағдайлар жасалған. Соңғы бес жылда Алматыдағы амбула­тория­­лық-емханалық ұйымдардың жоспарлы даму қуаттылығы 7,4 пайызға артты. Сонымен бірге, қала халқы осы мерзім ішінде 13 пайызға өсті. Жақын маңдағы медициналық мекемелердің көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін географиялық ақпараттық жүйе жасалып, ресми сайттар мен әлеуметтік желілерге енгізілген. Тұрғындармен кері байланыс орнатылып, олдардың ұсыныстары да зерттеледі. Алынған мәліметтер негізінде дәрігерлік амбулаторияларды ашу қажеттілігі бар жерлер анықталады. Соның негізінде 2019 жылдан 2021 жылға дейін 35 дәрігерлік амбулатория ашу жоспары жасалды. 2019 жылы 11 дәрігерлік амбулатория ашылса, олардың біреуі жергілікті бюджет есебінен салынды. Сондай-ақ, «Жаңа ­Алматы» кешенді жоспары аясында алдағы 5 жыл ішінде 1 миллионнан астам тұрғынға арналып жақын маңда қолжетімді болатын қосымша 19 медициналық нысан салыну жоспарлануда.

НЫСАНДАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Алматыда, Астана күні қарсаңында, шағын және орта бизнестің (ШОБ) бірқатар нысандары іске қосылды. Олардың құрылысы барысында қосымша жұмыс орындары құрылды. Атап айтқанда, бизнес орталығы, екі мейрамхана, 18 бөлмелі «Жұлдыз» қонақ үйі, «Абай көшесіндегі үй» тұрғын үй кешенінде электроника дүкені, үш «Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда гипермаркеті, «Louvre ball room» банкет залы және мерекелік «ШахСарайы» ашылды. Қосымша жаңа цифрлық форматтағы фитнес-орталық пен «Абай көшесіндегі үй» ТК-дековоркинг орталығының ашылуы жоспарлануда. Сондай-ақ, Ялян-2 базарын жаңарту мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Еске сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен кәсіпкерлікті дамытудың «Алматы Бизнес 2025» бірыңғай бағдарламасы әзірленді. Онда бес түрлі бағыт анықталды. Қалада осы бағыттарда, оның ішінде ШОБ-ті дамытуға бағытталған құралдарды жасауда жұмыстар белсенді жүргізілуде. Осылайша, Алматыда «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы іске қосылған. Қаржылық қолдау көрсету мақсатында «AlmatyFinance» ЖШС және ­«Алматы МҚҰ» ЖШС компаниялары құрылды. Жалпы, биыл 2,5 млрд. теңге сомасына 118 бизнес-жоба қаржыландырылды. Олардың арасында ШОБ нысандары да бар. Бұған дейін қаржыландырылған ШОБ нысандары, сондай-ақ, жақын арада пайдалануға берілетін қосымша нысандар ­Алматы нарығының дамуына оң әсерін тигізеді және қала тұрғындарын қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

СКВЕРЛЕР МЕН АЛАҢДАР АШЫЛДЫ

Астана күнін мерекелеу қарсаңында Алматы қаласында халық өмірінің сапасын арттыруға арналған бірқатар нысандар іске қосылуда. Алматыда бос уақытты өткізуге арналған үш жаңа қоғамдық алаң ашылды. Олардың арасында «Будённый» және «Маяк» скверлері, сонымен бірге, Жамбыл көшесінің бойы мен Қожамқұлов көшесінің бұрышындағы телімдерді абаттандыру жұмыстары атқарылды. Басты мақсат – қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы микроклимат жасау. «Алматы-2050» стратегиясында белгі­ленген міндеттерге сәйкес, қала әкімші­лігінің қызметінде басымдық берілген бағыттарының бірі қалада қолайлы орта қалыптастыру болып табылады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қаланы абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде және түрлі жобалар, атап айтқанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Бюджетке қатысу» бағдарламаларының аясында жүзеге асырылуда.

«Будённый» сквері

«Будённый» скверінің жалпы аумағы 1,1 га құрайды. Бурсчатка жабынының аумағы – 2150 шаршы метрді, асфальт жабынының аумағы – 1 579 шаршы метрді құрайды. Тұрғындар үшін скверде қолайлылық және қауіпсіздік жасау үшін оның аумағына заманауи 50 LED жарықшамдары орнатылған. Сонымен бірге, 16 жаттығу құрылғылары бар воркаут алаңдардың 4 түрі бар.

«Маяк» сквері

Сонымен бірге, мереке қарсаңында Жамбыл көшесі бойы мен Қожамқұлов көшесінің бұрышындағы учаскені абаттандыру жұмыстары аяқталды. Алаңда скейтте, самокатта сырғанау, велосипед тебу сияқты заманауи спорт түрлерімен айналысу үшін барлық жағдайлар жасалған. «Маяк» скверінде футбол, стрит-болл алаңы, сондай-ақ, жаттығу құралдары бар 2 воркаут алаңы пайдалануға берілді. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаланы абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылы 140-тан астам көше жөнделсе, 2020 жылы 200 көшені жөндеп, тұрғындарға қолайлы болу үшін жер үсті жаяу жүргіншілер өтетін жоларды салу жоспары бар. 11 жобаны жүзеге асыру басталды. Олардың арасында саябақтарды, скверлер мен көшелерді абаттандыру, өзен арналарын қайта жасау және басқа да жұмыстары бар.

ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ  ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН

Астана күнін мерекелеу қарсаңында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Алматыда бірқатар өндіріс нысандары іске қосылып, жаңғырту процесі аяқталды. Бұл жерде «Масло-Дел» ЖШС, «Папироне» ЖШС, «Дор-Хан-Алматы» ЖШС, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС зауыттарына тоқталмақпыз. «Масло-Дел» ЖШС жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейтуде. Оның ішінде соустар, майонездер және кетчуптар өндіруде, өсімдік майын құятын қойма кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 10 мың тоннадан 30 мың тонна өнімге дейін артады. Сонымен қатар, үш қабатты дәретхана қағазын, қағаз сүлгілерді, қағаз майлықтарды шығаратын «Папирон» ЖШС жаңа цехының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, металл өңдеу, жылжымалы қоршау конструкцияларын, автоматты қақпалар мен жапқыштар өндіретін «Дор-хан-Алматы» ЖШС кешенінің құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек «Солнечный» сүт зауытын жаңғырту жұмыстары және өнім түрлерін кеңейту үшін қосымша жабдықтар алу сынды қосымша жұмыстар өз мәресіне жетті. Өндірістік цехтарды салу және кеңейту жұмыстары «Алматы-2050» стратегиясының «шетсіз қала» бағыты аясында қалада көпорталықты дамыту мақсатында орындалды. «Шетсіз қалада» әрбір ауданда бірегей мүмкіндіктер және дамыған өндірістік салалар болады. Сол үшін жаңа нысандар салынбақ. Жаңа өндіріс орындары ішкі нарықты отандық тауарлармен қанықтыруда айтар­лықтай әсер етеді. Осылайша, түрлі салалар бойынша отандық өнім өндіріс көлемінің кеңеюі күтілуде. Бұл импортты алмастыруға ғана емес, сонымен бірге экспорттық әлеуеттің кеңеюіне де ықпал етеді. Жалпы, Алматыда өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және бизнес үшін қолайлы орта жасау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

6 ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Алматыда Астана күні мерекесі қарсаңында «Алатау сити», «Акварель», «Central Avenue», «Медеу парк», «Теренкур Терраса», «Гүлдер» сияқты 6 тұрғын үй кешеніндегі кезекті пәтерлер пайдалануға берілуде. Бұл нысандар Алатау, Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарын қоса алғанда, Алматының әртүрлі аудандарында орналасқан және 1 мыңнан астам пәтерге есептелген. Жаңа тұрғын үй кешендері Алматыны «Шетсіз қалаға» айналдыруға мүмкіндік береді. Ол жерде қаланың барлық тұрғындарының қай ауданда тұратындығына қарамастан, күнделікті қажетті әлеуметтік қызмет түрлерінің жиынтығы болады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәселені өзгерту үшін, қала шетінде тұратын азамат­тардың да қала орталығындағы тұрғындар сияқты қызмет түрлеріне қолдары жетімді болуы үшін олардың өмір сүру сапасын арттыруда жағдай жасау керектігін бір емес, бірнеше рет атап өтіп, тиісті басқармаларға соны жүзеге асыруға тапсырма берген болатын. Сол тапсырма негізінде қалада баспанаға қол жетімділікті арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 2019 жылдың 10 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін 3 мыңнан астам мұқтаж адам баспанамен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 284 көп балалы отбасы (қалалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша), 258 көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар (республикалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша) және 1050 азамат 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспанамен қамтамасыз етілді. Осы салтанатты шара кезінде баспаналы болған тұрғындар өз ризашылықтарын ірікпеді. «Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша қазақстан­дықтарды Астана күнімен құттықтағым келеді. Сонымен қатар, осы бағдарламаны бастаған Елбасыға алғысымды білдіремін. Бұл бағдарлама мен сияқты жастар үшін керемет мүмкіндік. Бағдарлама бойынша ұсынылған баспана өте жайлы, барлық жағдай жоғары деңгейде жасалған» деді «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша пәтер алған қаланың жас тұрғыны Ақмарал Мақтабаева. Жақында «Алматы жастары 3.0» бағдарла­масының екінші кезеңі бастал­ғанын айта кету керек. Тұрғын үй бағдарламасының бірегейлігі төмен пайыздық мөлшерлемеде - 13 миллион теңгеге дейінгі несие жылдық 5 пайыз жеңілдікпен беріледі. Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен аталған бағдарламаға қатысу шарттары жеңілдетілді. Атап айтқанда, қалада тіркеуге тұру талабы алынып тасталды. Енді осы себеппен қабылданбаған өтініштер қаралады. Алматыда екі жылдық тіркеуі жоқ жастар да өтініштерін бере алады. Естеріңізге сала кетейік, Алматы мегаполистің тартымдылығына байланысты елдегі ең үлкен тұрғын үй қорына ие. Онда 8,4 мыңнан астам көп пәтерлі тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта 26 мыңнан астам қала тұрғыны баспана сатып алу кезегінде тұр. Олардың көп бөлігін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын азаматтар құрайды.

748 рет

көрсетілді

7

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы