• Руханият
  • 16 Шілде, 2020

Ән өнерінің абызы...

Кеңес ағамыз бізге, жас ком­позиторларға өзінің ақылын айтатын бірегей, ұлы тұлға десек те артық болмас. Өйткені әрбір шығармамызды апарып көрсеткен кезде арқамыздан қағып, «дұрыс жолда келе жатырсың» деп қолдауын аямайтын... Егер дұрыс болмаса, «мына жерін түзеңдер, дұрыстап жазыңдар» деп ақыл беріп отыратын. Расында да өнерге, оның ішінде эстрада өнеріне жаны ашитын ұлы тұлғалардың бірі еді. Мен алғаш шыққан кезде де әнімді тыңдап, «шығармашылығың ұнайды» деп өз ықыласын білдірген. Әрдайым қарап, бақылап жүретін. Өзі анда-санда «Сейдолла Бәйтерековтен кейінгі Тілес Қажығалиев, Талғат Сарыбаев сынды жақсы композиторлар кеткеннен кейін жалғызсырап қалдым» деп айтып жүретін. Кеңес ағамыздың қазасынан кейін музыка саласы ақсап қалды. Ақылын, ойын үнемі бөлісіп жүретін еді. Ол кісінің берген ақылын дұрыс орындап, барлық мүмкіндігімізді салуға, өзі айтқан жолдармен жүруге тырысамыз. Кеңес Дүйсекеұлы соңындағы мәдениет қызметкерлеріне үлгі-өнеге болған, азаматтық ұстанымымен де көпшіліктің құрметіне бөленген ән өнерінің абызы еді. Ағамыздың жатқан жері жайлы болсын! Артында қалған жақындары, тұяғы Нұркен аман болсын! Баян жеңгеміздің дені сау болсын! Қайғырып көңіл айтамын!

Жеңіс СЕЙДОЛЛАҰЛЫ

883 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы